Мамырдың 31-күні сағат 11.35-те Шымкент қ. Таштракт 3 км көшесінде облыстық наркологиялық ауруханасының бөлек тұрған екі қабатты ғимаратының шатыры жанды. Өрт сағат 12.24-те оқшауланды және сағат 12.36-да толығымен сөндірілді. Өрттің көлемі 150 кв.м. құрады. 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің жеке құрамында 10 адам және 3 техникасы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің жеке құрамында 115 адам, 13 техникасы жұмылдырылды.
ОҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы