Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселесіне көңіл аудару қажеттілігін атап өткен болатын.
Сонымен қатар, Елбасы биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмін дамыту мәселесіне айрықша тоқталып өткен болатын.
2015 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық базаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа «Мемлекеттік- жекешелік әріптестік туралы» арнайы Заң қабылданып, ережесі бекітілді. Аталған Заңының қабылдануына байланысты 4 кодекске (бюджеттік, азаматтық, жер, кәсіпкерлік) және 7 заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді.
Жаңа заңнамада халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал жасайтын әлеуметтік және инженерлік инфрақұрлым нысандарын салу, қайта құру немесе пайдалану процесіне мемлекет пен жекеше әріптестік арасындағы қатынас орнату барысында жобалардың тартымдылығын арттыру мақсатында ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларының аясы кеңейтілген.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері облыстық мәслихатының тиісті тұрақты комиссиясында қаралды. Комиссия отырысына қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысының міндентін атқарушы И.Шалабаев аталған мәселелер бойынша төмендегіні хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 2016 жылы 5 жобаның тиісті құжаттары (жоба тұжырымдамалары, конкурстық құжаттамалар, тиісті сараптама қорытындылары) рәсімделіп, желтоқсан айында конкурстар жарияланды. Ағымдағы жылдың сәуір айында, конкурс нәтижесі бойынша 5 жеке әріптес анықталады.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың наурыз айында облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VІ шешімімен жергілікті жекешелік-әріптестік жобаларының тізбесі бекітілген.
Бүгінгі таңда келісім-шарт жобасы жасалып, мемлекеттік міндеттемелерді алу үшін облыстық мәслихаттың қарауына ұсынылып отыр.
Инвистициялық шығындарды қайтару және басқарғаны үшін сыйақы төлемдерінің негіздемесі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 3-тарауының 10-тармағына сәйкес, МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу қаржы-экономикалық үлгіні (бұдан әрі – ҚЭҮ) пайдалана отырып жүргізіледі.
Басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы (бұдан әрі – БЖАҮС) жобаның тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында жобадан табатын табыс (жобаның тиімділігі) нормасын 20 пайызға дейінгі мөлшерде анықтау орынды деп есептелген. Табатын табыс көлемі 14 пайыздан төмен болған жағдайда, банк депазитімен бәсекелесе алмайды, яғни жоба тартымды болып саналмайды.
Біздің ұсынып отырған қазіргі жобалардың табыс көлемі келесідей пайызды құрап отыр:
- Шымкент қаласының әкімшілік іскерлік орталығы жаңа тұрғын үй алқабындағы 320 орындық бала бақшаның құрысы бойынша 17,3%;
БЖАҮС – 30 млн.теңге көлемінде белгіленген, жобаның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында белгіленген. Жан басына қаржыландыру әр балаға – 20 988 теңге. Операциялық шығындардан пайда қарастырылмаған.
- Бәйдібек ауданы, Бөген ауылдық округі, Шалдар ауылындағы 140 орындық бала бақша құрылысы (16,9%);
БЖАУС – 15 млн. теңге көлемінде белгіленген, жобаның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында белгіленген. Жан басына қаржыландыру әр балаға 30 381 теңге. Операциялық шығындардан пайда қарастырылған.
- Отырар ауданы, Көксарай ауылындағы 240 орындық бала бақша құрылысы (17,1%);
БЖАҮС – 30 млн.теңге көлемінде белгіленген, жобаның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында белгіленген. Жан басына қаржыландыру әр балаға – 25 860 теңге. Операциялық шығындардан пайда қарастырылмаған.
- Түлкібас ауданы, Ақбиік ауылындағы 100 орындық бала бақша құрылысы (15,4%).
БЖАҮС – 27,160 млн.теңге көлемінде белгіленген, жобаның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында белгіленген. Жан басына қаржыландыру әр балаға – 22 200 теңге. Операциялық шығындардан зиян шегеді. БЖАҮС операциялық шығындардың белгілі бір мөлшерін өтеу негізінде белгіленген.
- Шымкент қаласы, «Қайтпас-1» мөлтек ауданында ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана құрылысы (18,3%).
БЖАҮС — 80 млн.теңге көлемінде белгіленген, жобаның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында белгіленген. Операциялық шығындардан пайда қарастырылмаған.
БЖАҮС мөлшерімен жеке кәсіпкерлер конкурс өтінім жасаған уақытында келіседі, және БЖАҮС мөлшерін ең төмен ұсынған конкурс өтінімдері үздік деп танылған. Кірістіліктің ішкі нормасы 20 пайызға дейінгі деңгейде БЖАҮС орынды және тиімді болып есептелінеді.
Жобалардың келісім шарт мерзімі.
ҚР МЖӘ туралы заңы және оның ережелері, МЖӘ келісім-шарт мерзімін 3-30 жыл аралығында белгіленген. Жоба келісім-шартының нақты мерзімі бюджет әкімшісі ҚЭҮ негізінде айқындайды.
Ұсынылып отырған бала-бақшалардың құрылысы бойынша келісім шарт мерзімдері 15 жыл болып белгіленген, оның негіздемелері:
-15 жыл өткен соң нысан күрделі жөндеу жұмыстарын талап етеді. Күрделі жөндеу жүргізуге және оны әрі қарай басқаруға конкурс ұйымдастырылады, жеке әріптестік анықталады.
-15 жыл өткен соң білім стандарттары өзгеруі мүмкін, мектепке дейінгі білім беру саласы реформалануы мүмкін.
Инвестициялық шығынды 5 жылда қайтару, ол банк несиесінің орташа мерзімі негізінде анықталған.
Емхана құрлысы бойынша келісім-шарт мерзімі 20 жылға анықталға, оның негіздемелері:
— 20 жыл өткен соң нысан күрделі жөндеу жұмыстарын талап етеді. Күрделі жөндеу жүргізуге және оны әрі қарай басқаруға конкурс ұйымдастырылады, жеке әріптес анықталады.
— 20 жыл өткен соң денсаулық сақтау стандарттары өзгеруі мүмкін, денсаулық сақтау саласы реформалануы мүмкін.
— Инвестициялық шығынды 6 жылда қайтарылады.
— 20 жылдық келісім-шарт жобалаудың тағы бір негізі, жоба құны жоғары болғандықтан жеке кәсіпкер ұзақ басқаруды қалайды, және жоба құнының жоғары болуы негізінде банк несиесін ұзақ мерзімге тарту мүмкіндігі болады, және бюджет ауыртпашылығын да азайту мақсатында жоспарланды.
Фото: Казинформ