Қазақстанда 2016 жылы бюджеттік қаржыны игермеу бойынша көш бастап тұрғандар қатарында қорғаныс министрлігі, ішкі істер министрлігі, білім және ғылым министрлігі бар, деп мәлім етті ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
«Жыл қорытындысы бойынша біз бөлінбеген резерв және үнемделген қаржы есебінен 110 млрд теңге жинадық. Алайда 36 млрд теңге игерілмеген – шарт талаптарының өзгеруі және жұмыс кестесінен қалып қоюы себепті», — деді Б.Сұлтанов бейсенбі күні парламент мәжілісіндегі Үкіметтің 2016 жылға республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қорытынды болып табылатын Есеп комитеті дайындаған Есеп таныстырылымында.
Оның ақпарынша, игерілмеудің негізгі сомалары келесі министрліктер бойынша қалыптасты: қорғаныс министрлігі — 29 млрд теңге; ішкі істер министрлігі — 1,2 млрд теңге; білім және ғылым министрлігі — 1 млрд теңге; сыртқы істер министрлігі — 920,2 млн теңге; ауыл шаруашылық министерлігі — 870,2 млн .теңге; әділет министрлігі — 759 млн теңге. Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 2015 жылмен салыстырғанда 1,7 есе азайып 268 млрд теңгені құрады.
Министр еске салғандай, былтыр республикалық бюджет шығындарының орындалуы 98,3% болған, ал бекітілген бюджет шығындары екі нақтылаудың нәтижесінде Т980 млрд. артқан.
«Бюджет шығындарын олай арттыру бірінші кезекте әлеуметтік сала шығындарын арттыруға мүмкіндік берді. Шығындардың жартысы, яғни 4 трлн теңге, — әлеуметтік шығындар», — деді ол.
Атап айтсақ, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы көлемі 9% көбейді, зейнетақы төлеуге бюджеттен Т1353 млрд. бөлінді. Сонымен қатар азаматтық қызметкерлердің еңбегіне төлем жасау жүйесінің жаңа үлгісін енгізуге Т290,8 млрд. бөлінді. Бала тууына байланысты Т438,1 мың адамға жәрдемақы төленді, бұл мақсатқа Т33 млрд. жұмсалды.
«Дағдарысқа қарсы шаралар аясында экономиканың нақты саласын дамытуға 2,1 трлн теңге жұмсалған. Бұл қаражат экономиканың әлеуетті саласын қолдауға мүмкіндік берді. Қорғанысқа, қоғамдық тәртіпке және қауіпсіздікке бюдджет қаржатының 10,5%-ы жұмсалған, яғни 391 млрд теңге», — деді Б.Сұлтанов.
Оның ақпарынша, 2016 жылы квазимемлекеттік сала шотындағы қаржы қалдығы Т14,5 млрд құрады, ол 2015 жылмен салыстырғанда 5 есе азайды.
Ұсынылған ақпарға сәйкес, былтыр Астана халықаралық әуежайының жолаушылар терминалының құрылысы, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА инфрақұрылымы, Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбыры, Жезқазған-Бейнеу темір жол желісі, Алматы-1-Шу екінші жолдарын, Құрық портындағы паром кешені, Астана теміржол түйінін дамыту, ҚұСК ғарыш аппараттарын құру, ТҮКШ нысандарын дамыту бойынша жұмыс көлемі орындалған.
Хабарланғандай, қаржымині Б.Сұлтановтың айтуынша, 2016 жылы республикалық бюджет түсімі Т7,76 трлн құраған, ол жоспарлы көрсеткіштен 0,2% жоғары. Шығындар Т8,501 трлн, немесе 98,3%.
ҚазТАГ
Фото: vestikavkaza.ru