«ЭКСПО-2017» көрмесінің жоғарғы деңгейде өтуіне мотошабандоздарда үн қоспақ. Яғни, Оңтүстік мотоциклшілер федерациясының ұйымдастыруымен бас қалаға 100-ге жуық мото шабандоздар жиналып, көрменің ашылу салтанатына қатысады деп күтілуде. Мұндағы басты мақсат, әлемнен жиналған туристерге еліміздің салт-дәстүрі мен қатар әдет-ғұрпын кеңінен насихаттау. Енді «ЕХРО- 2017» шеруіне қатысушылар мамырдың 29-күні жолға шықпақ. 15 күнге жоспарланған іс-сапарда шерушілер Респубикамыздың 10 облысын қамтып, әуесқой мотошабандоздар қатарын 100 — ге жеткізпек. Содан кейін елорда Астана қаласына дейін 70 мың шақырымды жүріп өтуді көздеп отыр. Ал маусымның 14 — күні шырайлы Шымкентке қайта оралмақ ниетте. Игі шараның маңыздылығын ескерген шерушілер «ЕХРО-2017» көрмесінің эмблемасымен қатар, еліміздің көк байрағы бейнеленген арнайы форманы да тіктіртіп үлгерген.
Айзада Бидан