Мамырдың 11 мен 12-сі күндері Шымкентте КСРО Спорт шебері, ҚР-на еңбегі сіңген жаттықтырушы, спорт қайраткері және халықаралық экстра-класс дәрежедегі төреші Түсіпхан Сайхановты еске алуға арналған еркін күрестен Республикалық ашық турнир өтеді. Жасөспірімдер арасында биыл төртінші мәрте ұйымдастырылып отырған жарысқа еліміздің бен қатар көршілес Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен де жас спортшылар қатысады деп күтілуде. Осыған орай бүгін жарысқа қатысушылардың салмақ өлшеу жеребе өткізу шаралары жүргізілетін болады. Ал турнир 11 мамыр күні таңертең 90-30 да басталса, Күндізгі сағат 15-30-да жарыстың салтанатты ашылуы өтеді. 12 Мамыр күні ақтық белдесулер өткізіліп жарыс жеңімпаздары марапатталатын болады. Айта кету керек Түсіпхан Сайханов көптеген жылдар бойына Шымкент қаласының №3-ші олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің кешенді мамандандырылған спорт мектебінің директоры қызметін абыройлы атқара білді. Сонымен бірге талай байрақты бәсекелерде ел мерейін асқақтатқан даңқты спортшыларды тәрбиелеп шығарды. Осылайша ел спортының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Түсіпхан Сағатбекұлын еске алуға арналған турнирді өткізуге жыл сайын №3 спорт мектебінің ұжымы ұйытқы болып келеді.
Абай Омар