Оңтүстік Қазақстан облысын 1 жыл 2 ай басқарған Бейбіт Атамқұлов қазақтың қаймағы бұзылмаған өлкесін сағынып жүр екен. Халқы қонақжай, мекені киелі Оңтүстік Атамқұловтың жүрегін жаулаған. Бұл туралы күні кеше Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында «Айғақ» телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында айтты. Бүгінде ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінде жүрген Бейбіт Бәкірұлы елордада Оңтүстік жұртшылығын әркез үлгі етіп, мақтап жүретінін жеткізді.
БЮДЖЕТТІҢ 40% БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН
Қаланың қазіргі бюджеті 722 млрд теңге. Өткен жылғы шығыстың басым бөлігі, дәлірек 40 пайызы білім саласына бөлінген. Нәтижесінде шаһарда үш...