1945 жылдың маусымында қабылданған БҰҰ жарғысының кіріспе сөзінде ұйымға мүше мемлекеттердің билік өкілдері адамдарды жоғары үлгіде өмір сүрумен қамтамасыз етуге міндеттелген.
Халықаралық құрылым өкілдері әр елдің деңгейі тек экономикалық көрсеткіштермен ғана шектелмеуі тиіс екенін айтады. Бұл туралы тұрақты даму мақсатын жүзеге асыруға арналған Бас Ассамблея отырысының қатысушылары мәлімдеді.
Бониан Голмохаммади, БҰҰ Әлемдік Федерация Ассоциациясының бас хатшысы:
— Егер БАҚ өкілдерінің позициясы тұрғысынан қарасақ назарымыз текетірес, қиындықтар және күнделікті болып жатқан жағдайларға ауады. Соңғы 20 жылда әлемде кедейшілік біршама азайған. Менің ойымша бүгінде біз өзара әрекет жасап, көп жақты келіссөздер жүргізуіміз керек. Әлемде даму процестері дұрыс бағытта жүріп жатыр.
Дереккөз: 24.kz