Бірлігі мықты мемлекеттің — Тәуелсіздігі шексіз. Көпұлтты Қазақстанда келісім мен татулықтың аясында 130-ға жуық этнос өкілдері өмір сүреді. Міне сол ұлт өкілдері Елордамыз Астанада бас қосты. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV-ші сессиясына 1500-ден астам адам қатысып, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сананы жаңғыртатын салиқалы ой айтты. «Жаңғырудың негізі — тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбын арқау еткен сессияға Оңтүстік Қазақстан облысынан 38 адам қатысты.
Бағлан Байкөбекқызы