Астананың жаңа теміржол вокзалынан шығатын пойыздар тізімі бекітілді, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
Ақпарға сәйкес, елорданың жаңа вокзал кешені 54 пойызға қызмет көрсетеді. Оның ішінде 22-сі «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы, 16-сы стандарттық және 16-сы қаламаңы пойыздары.
Сонымен қатар, жақында Экспо-2017 көрмесіне Астанадан келесі бағыттар бойынша қосымша пойыздар шығарылады: Астана—Маңғышлақ, Астана—Атырау, Астана—Шымкент, Астана—Қостанай, Маңғышлақ—Астана, Тараз (Жамбыл)—Астана, Орал—Астана, Қарағанды—Астана.
Тараз (Жамбыл)—Астана, Орал—Астана, Қарағанды—Астана.
Қазіргі таңда Астана әкімдігімен қоғамдық көліктің ара қатынасын, сондай-ақ жаңа вокзалға дейін экспресс-маршрут ұйымдастыру ойластырылуда.
ҚазТАГ.