Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 сәуір 2017 жылғы №86/6 бұйрығымен Хали Рысқұлбекұлы Маматаев Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
Х.Р.Маматаев 27.07.1963 жылы туылған, білімі жоғары, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1988 жылдың мамыр айында Шымкент облысы, Созақ ауданы прокуратурасының стажері болып бастаған.
Арыс ауданаралық прокурорының көмекшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық істерді сотта қарау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, облыс прокуратурасының тергеу басқармасының прокуроры, Шардара, Түлкібас аудандары прокурорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ, Бәйдібек, Түлкібас, Төлеби, Мақтаарал, Сарыағаш, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандарының прокуроры лауазымында қызмет атқарған.
ОҚО прокуратурасының баспасөз қызметі