Оңтүстікте жас кәсіпкерлердің клубы алғашқы басқосуын өткізді. Шараның маңыздылығын ескерген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев аталған бастамаға қолдау танытып, кездесудің ортасынан табылды. Бұл күні өңір басшысына салада жүрген 21 жас пен 40-жасқа дейінгі азаматтар жаңа жобалары мен иядеяларын жеткізуге мүмкіндік алды. Кәсіпкерлер Палатасының ұйытқы болуымен өткен әңгімелесу кеші ашық форматта өтті. Жас кәсіпкерлер тарапынан бизнес саласындағы бірқатар проблемалар мен ұсыныстар да жеткізілді. Облыс әкімі әрбір айтылған пікірді назардан тыс қалдырмады. Жаңа бастамаларды қолға алуға ниеттенген азаматтарға өзіндік тәжірбиесі мен бағыт-бағдарын да айтып берді. Сонымен қатар, алдағы уақытта жас кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдаудың арта түсетінін мәлімдеді.
Өңірімізде жас кәсіпкерлердің басым бөлігі интернет желісінде және шағын сауда, маркетинг саласында қызмет атқарады. Бұл өз кезегінде дамыған мемлекеттермен иық теңестіріп, жаңа жобаларды жүзеге асыруға зор мүмкіндік. Дегенмен өңірдің басты потенциалы ауыл шаруашлығы бағытын өркендетуге де жастардың қосар үлесі зор. Ол үшін кәсіп иелерінің тәжірибе алмасуы, ынтымағы мен бірлігі маңызды.
Жомарт Бегімбетов