Түркия елінің «Анталья» индустриалды аймағының өкілдері мен бір топ кәсіпкерлер өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келіп, мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалармен танысты. Яғни Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» еркін экономикалық және индустриалды аймақта орналасқан серпінді жобалар шетелдік қонақтардың назарынан тыс қалмады. Ал, мұндағы мақсат тараптар арасындағы сауда көлемін ұлғайтып, аймаққа инвесторлар тарту және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Абай Омар