Кешегі сәрсенбіде Баку мемлекеттік университетінде (БМУ) Абай Құнанбаевтың шығармалар жинағының әзербайжан тіліндегі таныстырылымы болып өтті, деп хабарлады Trend.
«Бұл бүкіл түркі әлемінің ұлы тұлғасының әзербайжан тіліндегі тұңғыш шығармасы. Аударманы БМУ жанындағы Абай ат. қазақ тілі, тарих және мәдениет орталығы жасады», — делінген хабарда.
Тұсаукесерге БМУ студенттері, мұғалімдері, профессорлар мен ғалым-филологтар, түркітанушылар, абайтанушылар, Банкудегі Қазақстан елшілігінің өкілдері мен «Қазақстан-Әзербайжан» достық қоғамының өкілдері қатысты.
Доктор-филолог Эльчин Мамедовтың айтуынша, Әзербайжан мен Қазақстанның тамыры, мәдениеті мен тарихы бір, сондықтан Әзербайжанда қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылығы үлкен. Ол сонымен қатар А. Құнанбаев түркі әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосты деп атап өтті.
Бакудегі Қазақстан елшісінің кеңесшісі Дархан Көшербаев атап өткендей, Абайдың шығармаларының жиынтығы әзербайжан тілінде жарық көрген қазақ әдебиетінің екінші кітабі, алғашқысы әзербайжан тілінде жарық көрген «Қыз-Жібек» халық поэмасы болған.
Абайдың шығармасы туралы айта келіп, Д. Көшербаев оның шығармалары әлемнің 116 тіліне аударылғанын айтты.
А. Құнанбаев (1845-1904) – қазақтың ақыны, философы, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның тұңғыш классигі, көзі ашық либералдық ислам негізінде орыс және еуропалық мәдениетті жақын тартқан рухта мәдениетті реформалауды жақтаған.
Абайдың қаламынан 170 өлең, көптеген аудармалар, бірнеше поэма туған.