Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс және коммуналдық саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссия отырысында депутаттар назарына Арыс қаласының бас жоспарын қарау ұсынылды. Белгілі болғандай, тоғыз жолдың торабында орналасқан қалаға 440 га аумақ қосу керектігі айтылған. Яғни, халық санының өсіміне байналысты Арыс қаласынан 5 шақырым қашықтықтағы елді мекендерді қосып, шаһардың аумағын кеңейту көзделуде. Бұл шешім сессия отырысында мақұлданғаннан кейін, 5 914 га аумақты алып жатқан Арыс қаласының бас жоспары 2030 жылға дейін өзгеруді қажет етпейді. Осылайша, бұл мәселе тұрақты комиссия отырысында қолдау тауып, сессия қарауына ұсынылды.
Еңлік Заманхан