Кеше, 17 наурызда ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Наурыз мейрамы күніне арналған салтанатты шара өтті.
Мерекелік шараға ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылары, басқарма, бөлім басшылары және қызметкерлері қатысты.
Департамент басшысы Алтынсары Үмбетәлиев әріптестерін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, департаменттің жыл басынан қол жеткізген жетістіктерін баяндады.
Мерекелік шара барысында қазақтың төл мерекесі құрметіне мемлекеттік кірістер органдарының бірқатар қызметкерлері марапатталды. Наурыз мерекесіне орай, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, қаржы жүйесіндегі жеткен жетістіктері мен мемлекеттік қызметтегі мінсіз еңбегі үшін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Өкімімен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен -5, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Грамотасымен – 3, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен – 2, Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының грамотасымен – 7, «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының Алғыс хатымен – 7, Шымкент қалалық мәслихатының Алғыс хатымен – 8, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Құрмет грамотасымен – 10 қызметкер марапатталды.
Салтанатты жиналыста өз кезектерінде Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының бөлім басшысы Тойбазарова Жанна, Пост-кедендік бақылау басқармасының басшысы Аязов Ғалымжан, Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Бәкіров Сұлтан мерекелік тілектерін білдірді.
Сонымен қатар, облыс эстрадасының жұлдыздары мен мемлекеттік кірістер оргнадарының өнерлі қызметкерлері мерекелі концертті ұсынды.
Іс-шара соңында, Үмбетәлиев: «Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін! Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт пен береке сыйласын!»-деген тілекпен аяқтады.
ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті