Мемлекеттік кірістердің облыстағы департаменті 2016 жылға бекітілген міндетті 104 пайызға орындаған. Нақтырағы өткен жылдың жоспары 291 млярд 197 млн теңге болса, бюджетке 302 млярд 920 млн теңге өндірілген. Бұл туралы аймақтық орталықтандырылған коммуникациялар қызметінде департамент басшысының орынбасары Ғалымжан Орынов мәлімдеді. Өңірде 325 мыңнан астам адам 211 мың шағын және орта бизнесте жұмыс атқаратын көрінеді. Жергілікті қазынаның 50-пайызын құрайтын аталған саладан 150-млрд теңгенің түсімі болған. Сондай-ақ салықтық және кедендік бағыттарда оң өзгерістер бар дейді департамент қызметкерлері. Енді жеке кәсіпкердің мемлекеттік органдарға ұсынатын құжаттары 7-ден 4-ке дейін қысқартылса,2017-жылдың 1-қаңтарынан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркелу өтініш беруден- хабарлама жасау түріне ауыстырылған. Экспорттық –импорттық операциялар кезінде де құжат саны қысқарып отыр. Мемлекеттік қызметтің сапасын сапасын арттыру үшін өңірде 26-ақпаратты қабылдау орталықтары ашылып,барлығы 53-қызмет түрі көрсетілген,оның ішінде салыққа 33-і, кеденге 20-сы тиесілі.
Жомарт Бегімбетов