Ұрлықпен күрес әкімдер рейтингінің басты көрсеткішіне айналуы тиіс, деп мәлімдеді ҚР бас прокурорының орыныбасары Марат Ахметжанов.
«ІІМ-мен бірге «Ұрлыққа тоқтам!» («Стоп кражам!») жобасы ашылды. Оның мақсаты ұрлық өсуін тоқтату және оның азаюына қол жеткізу, азаматтар мүлкінің қауіпсіздігін арттыру және оның арандатушылық әрекетін төмендету. Ең алдымен, ұрлықпен күрес әкімдер рейтингінде басты көрсеткіш болуы тиіс. Ынталандырушы негізде адамдарды құқықбұзушылықпен күреске жаппай тартамыз», — деді жұмада бас прокуратураның алқа отырысы барысында М.Ахметжанов.
Оның айтуынша, елдегі қылмыстың 60% астамы ұрлық. Ол атап өткендей, «әр 2 минут сайын ұрлайды».
Сонымен қатар, арыздарды қараудың тиімді тетігін құру жоспарлануда.
«Жоба аясында арыздарды беру алгоритмі, шаблондары, үлгілері әзірленді. Сосын «е-Арыздар» («е-Жалобы») ақпарат сервисін құрамыз. Адамдар арыздарының қаралу процесін бақылай алады. Тіпті смартфоннан. Арыздардың себебін анықтап, оны жою үшін қызмет құрамыз. Мемқызметкерлерді жанжалдарды шешуге үйретеміз. Қағазбастылық үшін әкімшілік жаза енгіземіз. Меморгандарды өтініштер бойынша бағалайтын боламыз», — деп түсіндірді М.Ахметжанов.
Ақпарат көзі: ҚазТАГ.