Бас прокуратураның сайтында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша арнайы бөлім өз жұмысын бастады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтында Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арнайы бөлімде Қазақстандықтар Бас прокуратура (http://prokuror.gov.kz/rus/form/uvedomlenie) сайтында пайдаланушылар арнаулы бланк толтыру арқылы экстремизм мен терроризм көріністері туралы өз хабарламаларын (хабарлауларын) қалдыра алады.
Дәлелдейтін құжаттар (суреттер, скриншоттар, бейне немесе дыбыс жазбалар) болған жағдайда оларды хабарламаға тіркеуге болады
Хабарланатын ақпараттың тізімі:
— тұрғылықты және жұмыс орындарында пайда болған өздеріне назар аудартуға тырыспайтын және тұйық өмір салтын жүргізетін күдікті адамдар туралы;
— заңсыз есірткілердің, қару-жарақтардың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың, жару (соның ішінде қолдан жасалынған) құрылғылардың айналымына қатысы бар адамдар туралы;
— Интернет, электронды және баспа БАҚ-тары арқылы экстремизм, терроризм, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық өшпенділік пен араздық идеяларын насихаттаушы адамдар туралы;
— жылжымайтын объектілерге, ғимараттардың және көлік құралдарының сыртына суреттер («граффити») және үгіттеу мазмұндағы құқыққа қайшы, соның ішінде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға бағытталған өзге материалдарды бейнелеген орындаушылар туралы.
Сонымен қатар, осы бөлімде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласына қатысты өз ұсыныстарыңыз бен идеяларыңызды қалдыруға мүмкіндік бар.