Қазақстан Парламенті мәжілісінің депутаты Ахмад Мурадов ОҚО Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерімен кездесті. Жүздесу барысында Елбасы ұсынған Ұлт жоспарындағы 85-90-шы қадамдарының жүзеге асу барысы баяндалды. Оңтүстікте бүгінде 130-дан аса ұлт өкілдері шоғырланған. Бұл Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының өз деңгейінде орындалып жатқандығының дәлелі. Шараның негізгі мақсаты — ел Тәуелсіздігінің басты құндылығы саналатын этносаралық бірлік пен татулықты нығайту, болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру. Сондай-ақ, халқымыздың рухани-мәдени орталығы негізінде қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, халық қалаулысы алдағы күндері өңірдегі бірнеше аудан, қалаларға ат басын бұрып, тұрғындармен кездесуді жоспарлап отыр.