Сейсенбі күні Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасымен таныстырды.
Қазақстан халқы үшін ауыл шаруашылығы саласы негізгі кіріс көзіне айналады. 2021 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы жиыны 30%-ға 1трлн. теңгеге немесе 3,3 трлн. теңгеден 4,3 трлн. теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар, еңбек өнімділігі 50%-ға 1,2 млн. теңгеден 1,9 млн. теңгеге арттыру, экспорт 17%-ға 2,1 млрд-тан 2,5 млрд. АҚШ долларына дейін, және импорт көлемін 17%-ға 3,4 млрд-тан 2,8 млрд. АҚШ долларына дейін төмендету көзделіп отыр.
Сонымен қатар, суармалы жерлердің үлесін 40%-ға яғни, 1,4 млн. га 2 млн га дейін арттыру, осының нәтижесінде кіріс 30 есеге дейін көбейеді.
Негізгі басымдылық фермерлерге бөлінеді: мемлекеттік қолдау 7 есеге, яғни 67 мыңнан 500 мың АШТӨ көбейеді.
– кооперативтер арқылы өнімді өткізудің 500 мыңға жуық жалпы қосалқы шаруашылық жүйесін тарту;
– кәсіпорындардағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен өңделуін 1,3 есеге көбейту,;
– салалардағы жеке инвестиция көлемін 3 есеге арттыру 134 млрд. теңгеден 427 млрд. теңгеге дейін.
Бағдарламаның жүзеге асырылуы кооперация арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында нақты өзіндік орын алады.
ҚР АШМ Баспасөз қызметі