Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін бес жылға жуық атқарған Сапарбек Тұяқбаев ҚР ИДМ Инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Сапарбек Құрақбайұлы 1979 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша халықаралық қатынастар бакалавры, гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызмет саласында заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің бас сарапшысы болып бастаған. 2006-2009 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің үшінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметін үйлестіру және бақылау бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Хатшылығы — Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті стратегиялық жоспарлау бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.
2012 жылдың ақпанынан бұл тағайындауға дейін ОҚО әкімінің орынбасары болды. Сізді жаңа қызметіңізбен құттықтап, алдағы жұмысыңызға сәттілік тілейміз!