Үнемі тиын-тебен дәметіп тұратын Жол полициясы қызметкерлері министр Қалмұхамед Қасымовтың әбден қаһарына іліккен сияқты. Бүгін генерал-полковник жемқорлықты жою үшін барлық полицейлерді жұмыстан қууға дайынмын деді. Ал депутаттар болса жиі заң бұзатын нәзік жанды жүргізушілерге шүйлікті. Бір қолында темекі, екінші қолынан телефоны түспейтін қыздар қай сенатордың ашуына тиіп отыр?
Қасымов сенатқа бүгін жалғыз келмеді. Орынбасары, бөлім басшылары, комитет төрағасын түгел ерткен. Алғашында министрмен қол алысып, құшақтасып жатқан депутаттар жиын басталған бетте, бас салды. Тиын-тебен дәметіп тұратын полицейлерді сынаған сенатор Грузиядан үлгі алыңдар деп еді, министр ашуға мінді.
ҚАЛМҰХАМЕД ҚАСЫМОВ, ҚР Ішкі істер министрі:
— В Грузию да, ездили. Неоднократно ездили наши сотрудники. Там они сделали что. Просто уволили всех полицейских, в два раза подняли зарплату и снова набрали. Пожалуйста!!! Мы готовы пойти на это. Да, уволить всех. Понятно, что все говорят, вот сделайте полицию как в Германии, Америке.
Ашуланып отырған министр ғана емес. Қасымовқа сұрақ қоямын деп сенатқа арнайы келген мәжілісмен Мұхтар Тінікеев «ақша жасауға ыңғайлы» жерлерде ғана өріп жүретін полиция қызметкерлерінен шаршаған.
МҰХТАР ТІНІКЕЕВ, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
создается такое впечатление, что ваши патрульные службы лишь на жирных местах стоят. К примеру, трасса Астана — Караганда. Ограничение 50, знак стоит и обгон запрещен. И там 8-9 экипажей патрулируют. И последнее, вы готовы выпустить приказ, запрещающий нарушителей усаживать в машины ваших инспекторов? Это сразу ясно, что они там требуют
Көлік ішіндегі заңсыз «келіссөздерді» құрту үшін түбіртек толтыруды алып тастау да көтерілді. Бірақ министр әр жол инспекторының төсінде камера бар, бәрі бақылауда деп қоймады. «Оны өшіріп тастайды» деген журналистер сауалына да Қасымов бой бермеді.
ҚАЛМҰХАМЕД ҚАСЫМОВ, ҚР Ішкі істер министрі:
-Как только он выключает там в центре должны показать что он выключил. И мы по рации ему говорим почему выключил, зачем? Выясняем каждый раз.
Көлікті рұқсат етілмеген жерге қоятындар қаптап кеткен. Қасымов бұған қаланың тарлығы себеп дейді. Сондай-ақ депутаттар 25 мыңға жеткен мас жүргізушілер мен аузынан темекісін тастамайтын қыз-жүргізушілерге алаңдап отыр екен.
ӘЛИЯ ӘШІМ, Тілші:
— Ал жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл азайып қалуы да мүмкін. Себебі жағдайы нашарлаған халықтың қалтасы көтермейді. 14 миллиардтан астам қарыздың жартысы да қайтпаған. Сондықтан айыппұлды арзандатуды сенаторлар да қолдап шықты.
Әлия Әшім, Ахмедияр Ілиясов, Еркежан Қамзанова