Осыған дейін Бәйдібек ауданының билік тізгінін ұстап келген Батырбек Көшербай ҚР Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ОҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Дүкеннің есепшісінен- департамент басшысына дейін! Бұл су жаңа қызмет Көшербайға көлденеңнен келген жоқ. Еңбек жолын 1985 жылы сол кездегі Леңгір ауданы, Георгиевка шаруашылық есептегі дүкеннің қарапайым есепшісі болып бастап, бас бухгалтері болды. Ал жаңа қызметте Батырбек Көшербайұлына таңсық емес. ОҚО мемлекеттік қаржы бақылау комитеті Төлеби аудандық басқармасының бас бақылаушы –ревизоры, бөлімінің бақылаушы-ревизоры, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне қарасты қаржы-валюталық бақылау комитетінің Төлеби аудандық бөлімі бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер және салық полициясы, Мемлекеттік тергеу Комитеті органдар қатарында қызмет, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс Министрлігі Төлеби аудандық салық комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық салық комитетінің төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облысы салық комитеті төрағасының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. Мұнан өзге, Оңтүстік Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып еңбек еткен Батырбек Көшербай бұл тағайындауға дейін Бәйдібек ауданын басқарды.