«Өткізілген тексерулердің қорытындылары бойынша экологиялық заңнаманы 4100 бұзу анықталды, бұзуларды жою бойынша 2 706 нұсқама берілді. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 1 157,221 млн теңге жалпы сомасына 3 027 әкімшілік айыппұл салынды, қазіргі күні 1 034,605 млн теңге (89%) жалпы сомасына 2 577 әкімшілік айыппұл төленді», — деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрдің ресми сайты Энергетика министрлігінің сайтына сілтеме жасай отырып..
Сонымен қатар, ведомствоның мәліметінше, 2016 жылдың 8 айында қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу бойынша талаптармен 31 217,067 млн теңге жалпы сомасына 932 нұсқама берілді, олардың ішінде 535,912 млн теңге (2%) сомасына 743 талап бойынша өндірілді. Залалды өтеу бойынша талаптармен қалған нұсқамалар соттың қарауында жатыр.
«2016 жылдың сегіз айында шаруашылық қызметін тоқтату туралы сотқа 118 материал жолданды, олардың ішінде сот шешімімен 92 қанағаттандырылды», — деп мәлімдеді министрлікте.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экология департаменттерімен тексерулер тізіміне сәйкес ішінара тексерулер жүргізіледі, құқық қорғау органдарының талап етуі бойынша жоспардан тыс тексерулер де жүргізіледі.
Қазіргі кезде ҚР Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы 12 қорытынды берілді.
Қоршаған ортаны апаттық ластаудың барлық фактілері бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелерімен қоршаған ортаға келтірілген залалды анықтау мақсатында экологиялық зертханаларды тарту арқылы жедел ден қойылады, жергілікті атқарушы билік органдарымен және өзге мүдделі мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестік жүзеге асырылады.