Қанат Бозымбаев өңірлердің жылу беру маусымына дайын болмауының себептерін түсіндірді. Қазақстанның кейбір өңірлерінде жылу беру кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін қосымша шараларды қабылдауды талап ететін проблемалы мәселелер бар, деп ҚР Премьер-министрдің ресми сайты ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев ҚР Үкіметі отырысында жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.
«Электр стансаларында жеткілікті отын қоры 3,3 млн тонна көмір мен 121 мың тонна мазут бар, бұл өткен жылғы деңгейге сәйкес келеді және күзгі-қысқы маусымның ойдағыдай басталуын қамтамасыз етеді. Дегенмен, кейбір өңірлерде жылу беру кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін қосымша шараларды қабылдауды талап ететін проблемалы мәселелер бар», — деді Қ. Бозымбаев.
Сонымен, министрдің айтуынша, Семей қаласындағы «Жылукоммунэнерго» МКК бойынша «Жылукоммунэнерго» МКК алдындағы тұтынушылардың шамамен 354 млн теңге көлемінде қарыздары бар. Бұл жөндеу жұмыстарын жүргізуге кері әсерін тигізіп отыр.
«Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап әлеуметтік нысандарға жылу беру жоспарлануда, ал кәсіпорында көмірді жинау қыркүйектің ортасынан ғана басталған. Мазутты жеткізу бойынша мәселе шешілген жоқ, қалдық жоқ деуге келеді», — деді Қ.Бозымбаев.
Оның айтуынша, Теміртау қаласында шешілмеген мәселелер бар.
«№1 қазандыққа күрделі жөндеу материалдарының кеш тапсырылуына байланысты «Арселор Миттал Теміртау» АҚ ағымдағы жылдың қазан айының ортасына дейін жөндеу жұмыстарын ұзартты. Ал, №2 қазандықтың жөндеу жұмысы 30 қыркүйектен 25 желтоқсанға дейін жоспарланған. Яғни, жылу беру маусымының басында Теміртау қаласы негізгі жабдық резерві қамтамасыз етілмейді», — деді Қ.Бозымбаев.
Сонымен қатар, Шымкент қаласында 1 686 млн теңге қарыз болуына байланысты ағымдағы жылдың 21 тамыз айынан бастап Шымкенттік ЖЭО-ға газ беру тоқтатылды.
Сонымен қатар, ведомство басшысы айтып өткендей, «Батыр Көмір» АҚ алдында энергия өндіруші кәсіпорындарының қарызы 461 млн теңгені құрайды.