Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында полицейлер, жолдарда апаттық жағдайларды төмендету, Жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын болдырмау, жолаушылар тасымалымен ұдайы айналысатын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті сақтау мақсатында жүргізген «Автобус» жедел –алдын алу іс-шарасын қорытындылады.
Аталған іс-шараға мыңнан астам полиция және басқа да қызмет өкілдері, көліктік бақылау инспекциясы, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым қызметкерлері жұмылды.
Үш күндік «Автобус» іс-шарасын қорытындылаған полицейлер, шара барысында қоғамдық және жолаушылар тасмалдау көліктері жүргізушілері тарапынан орын алған жол қозғалысы ережесін бұзудың 864 дерегін анықтады. Оның ішінде тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық—құқықтық жауапкершілігі жөніндегі міндетті сақтандыруының болмауы бойынша – 14 дерек, тасмалдаушыда жолаушылардың тізімі болмауы бойынша – 98 дерек анықталды.
Полицейлер жылдамдықты арттырған – 76, маневр жасау ережесін бұзған – 117, еңбек режимі мен демалыс тәртібін сақтамаған – 11, көлік құралдарын басқару кезінде ұялы телефон пайдалаған – 243, жолаушыларды және багажды тасымалдауға рұқсат беру куәлігі болмаған – 20 дерек анықталып, жүргізушілер жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, заңсыз қайта жабдықтаудың- 18, техникалық байқаудан өтпеудің -105, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің – 50, шығарындылардағы ластаушы заттардың құрамы нормативтерінің бұзылған- 20 дерегі анықталды.
Оңтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері жүйелі түрде өткізіліп отыратын алдын алу іс-шаралары жолаушылар тасмалдайтын автокөліктердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының жолын кесіп, санын азайтады деп сенеді.