• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Ақпан 21, 2019
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Денсаулық
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Жобалар
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына Құран бағышталмады

31.05.2016
0

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен елімізде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген. Осы атаулы күнге орай бүгін Шымкенттегі «Қасірет» мемориалында нәубет жылдары қаза тапқандарды еске алу шарасына облыс және қала басшылығы, зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары мен қала тұрғындары қатысты. Іс-шараға қатысушылар алдымен мемориалдағы «Ана мен бала» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, жазықсыз жапа шеккен репрессия құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

13335863_984576064992066_6123712545405750120_nХалық арасында «Албастысай» атауына ие болған орындағы  іс-шара осылай аяқталды. Айта кетейік, репрессия жылдары құрбан болып, жазықсыз қаза тапқандардың басым бөлігі дәл осы маңда жерленген. Өкінішке орай, боздақтарымызды еске алу күнінде ел үшін жанын қиған жандардың рухына Құран бағышталмады. Шараны ұйымдастырушылар облыстың бас имамы Ахметжан қажы Керімбекті неліктен шақырмады? Бұл жағдай бізге белгісіз? Көңілге кірбің ұялатты.

Оқи отырыңыз...

ШАРДАРАДА БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ЖАРЫҚ БАҒАСЫ 2 ЕСЕГЕ АРЗАНДАДЫ

ШАРДАРАДА БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ЖАРЫҚ БАҒАСЫ 2 ЕСЕГЕ АРЗАНДАДЫ

20.02.2019
ТҮРКІСТАНДА  TURKESTAN HUB IT  ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА TURKESTAN HUB IT ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

20.02.2019

Ал, осы маңнан алыс емес тұста бауырластар зираты бар. Онда талай мұсылман бауырларымыз жатыр. Құран аяттары оқылғанда артық болмас еді-ау. Мұсылмандық дәстүр ұмыт қалған шарада қаралы митингінің өзі дұрыстап ұйымдастырылмаған. Сөз алып, абзал арыстарымыз жайында түрлі естеліктер айтылатын орын да дәл осы «Қасірет» мемориалы еді. Елім деп есіл кеткен арда азаматтарға өз деңгейінде құрмет көрсете алмауымыз үлкен сын емес пе?

Еске сала кетсек, 1935-1938 жылдар аралығында елiмiздiң бiртуар азаматтары жаппай қуғын-сүргiнге ұшыраған. Кеңес өкiметi халықтарының 4 миллионнан астам азаматы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтың құрбанына айналды. Сол жылдары Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша 2500 адам «Халық жауы» деп атылды. Сұрапыл саясаттың салдарынан 507 мың қарашай, шешен, 180 мың қырым татарлары мен 110 мың поляктар тағы да көптеген ұлт өкiлдерi Оңтүстiк Қазақстанға күштеп жер аударылды.

ShareTweetPin
Алдыңғы мақала

Ұлытауда этномәдени бірлестіктер бас қосты

Келесі мақала

Қораз төбелестіргендер құрыққа ілінді

ПІКІР ҚАЛДЫРУ Бас тарту

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШАРДАРАДА БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ЖАРЫҚ БАҒАСЫ 2 ЕСЕГЕ АРЗАНДАДЫ

ШАРДАРАДА БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ЖАРЫҚ БАҒАСЫ 2 ЕСЕГЕ АРЗАНДАДЫ

20.02.2019
ТҮРКІСТАНДА  TURKESTAN HUB IT  ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА TURKESTAN HUB IT ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

20.02.2019
Д.Абаев: БАҚ аккредиттеудің жаңа қағидалары келісімге келу нәтижесінде қабылдануы керек

Д.Абаев: БАҚ аккредиттеудің жаңа қағидалары келісімге келу нәтижесінде қабылдануы керек

20.02.2019
Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті

20.02.2019
Еңбек инспекциясы Түркістан облысы бойынша 641 заң бұзушылықты анықтады

Еңбек инспекциясы Түркістан облысы бойынша 641 заң бұзушылықты анықтады

20.02.2019
Қазығұртта «Рухани жаңғыруды» жүзеге асырудың 14 іс-шара жоспары бекітілген

Қазығұртта «Рухани жаңғыруды» жүзеге асырудың 14 іс-шара жоспары бекітілген

20.02.2019
Ұлттық ұланның жекпе-жек сайысы бойынша біріншілігі басталды

Ұлттық ұланның жекпе-жек сайысы бойынша біріншілігі басталды

20.02.2019
Facebook Twitter VK Youtube Instagram
"Айғақ" ақпараттық порталы

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телекомпаниясы"

Тел.: +7 725 230 10 86, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2018. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Денсаулық
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Жобалар
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2018. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.