Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов Астана қаласынан келген мәжілісмендермен кездесті. Кездесу барысында шаһар басшысы халық қалаулыларына «ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында үшінші мегаполис — Шымкенттің даму концепциясындағы ірі жобаларды таныстырды.
Сонымен қатар, «Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму Тұжырымдамасы» аясында атқарылатын негізгі міндеттерді де атап көрсетті. Осыған орай, мемлекет басшысы және облыс әкімдігі тарапынан қойылған міндеттерді іске асыру мақсатына ірі жобаларға инвесторлар тартып жатқандығын жеткізді. Өз кезегінде мәжілісмендер шырайлы Шымкенттің күн өткен сайын гүлденіп, еліміздің экономика, өнеркәсіп саласы дамыған ірі қалаларымен бәсекелес болып келе жатқандығын тілге тиек етті.
БЮДЖЕТТІҢ 40% БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН
Қаланың қазіргі бюджеті 722 млрд теңге. Өткен жылғы шығыстың басым бөлігі, дәлірек 40 пайызы білім саласына бөлінген. Нәтижесінде шаһарда үш...