Мұндай келісім«Ontustik Invest 2016» халықаралық форумы аясында өткен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «Аманта» корпорациясы арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қою барысында жасалды. Келісілген құжатқа сәйкес, корпорация 2018 жылдан бастап жылына 200 мың тонна шикі құрғақ қант, 600 мың тонна қант қызылшасын және 300 мың тонна тауарлық қант өңдейтін кәсіпорын ашпақ. Жалпы құны 35,8 млрд. теңге болатын жобада 200 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ал мұндағы өнімнің 70 пайызы ішкі нарықты қамтыса, 30 пайызы экспортқа жіберілмек.
Сондай-ақ, халықаралық жиын кезінде жылына 5 мың тонна ет өндіретін комбинатты іске қосу меморандумы да түзілді. Жалпы құны 6,3 млрд. теңгені құрайтын «Agro Kamf Group» ЖШС-нен шығатын ет өнімдерінің 50 пайызы ішкі нарыққа босатылып, 50 пайызы экспортқа жіберілмек. Келесі жылы іске қосылатын ет комбинатында 200-дей адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі