Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Республика тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. Ол Алматыдағы «Астана» алаңына жиналғандарға бірліктің арқасында халқымыздың ішкі, сыртқы жаулардан ұлан-ғайыр жерімізді сақтап қалғанын айтты. «Сол бірліктің арқасында Тәуелсіздікке жеттік. Мінекей, Алматыда жарияланған сол Тәуелсіздіктің бүгін 25 жылдығын атап өткелі отырмыз», — деді Мемлекет басшысы. Материал Kaz.tengrinews.kz сайтынан алынған.