Оңтүстік Қазақстан облысында «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы аясында облыстың аумағындағы орман қоры жерлерінде табиғат қорғау мекемелері мен жастар бірлестіктерінің қатысумен жалпы 7,75 га жерге 26 380 ағаш көшеттері отырғызылды. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен өткен акцияда 18 390 түп қарағаш, 6680 түп жиде, 600 түп самшит, 420 түп алма, 100 түп емен, 90 түп туя, 80 түп үйеңкі мен 20 түп қараөрік көшеттері егілді. Игі шараның бірі Шымкент қаласындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында» өтті.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі