Сейсенбіде өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Талғат Момышевпен кездесті. Кездесуде тараптар облыстың экологиялық жағдайын талқылап, бірқатар атқарылған жұмыстарды сөз етті. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкенттің атмосферасын жақсарту мақсатында 5 мың гектардан астам аумаққа 4 миллионнан астам ағаш көшеттері отырғызылып, «Жасыл белдеу» құрылуда. Сонымен қатар, судың ластануы мен сарқылуының алдын алу мақсатында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жұмыстары жүргізілуде.
БЮДЖЕТТІҢ 40% БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН
Қаланың қазіргі бюджеті 722 млрд теңге. Өткен жылғы шығыстың басым бөлігі, дәлірек 40 пайызы білім саласына бөлінген. Нәтижесінде шаһарда үш...