ҚР Президентінің Жарлығымен жаңа жыл қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысындағы 289 көп балалы ананың 68-і «Алтын алқа» тақса, 221-і «Күміс алқа» иегері атанды. Нәтижесінде облысымызда 30673 ана алтын, 41 260 ана күміс алқа тағынып, еліміздің құрметіне бөленіп отыр. Аталған марапаттарды көбіне Сарыағаш пен Мақтарал аудандарының аналары алуда. Айта кетейік, аймақта 18 жасқа дейінгі төрт және оданда көп баласы бар 78 мыңнан астам әйел азаматтары өмір сүруде. Өңірде ана мен бала өлімі азайып, демографиялық потенциал артты. Жыл сайын 70 мыңнан астам немесе елдегі әрбір 5-ші сәби қаймағы бұзылмаған қазақы өңірде дүниеге келеді.
БЮДЖЕТТІҢ 40% БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН
Қаланың қазіргі бюджеті 722 млрд теңге. Өткен жылғы шығыстың басым бөлігі, дәлірек 40 пайызы білім саласына бөлінген. Нәтижесінде шаһарда үш...