11 желтоқсан күні Тәуелсіздік сарайында «Алтын сапа» иегерлерін марапаттаумен қатар, «Қазақстанның үздік тауары» Республикалық көрме байқауы мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Парыз — 2015» сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Ел экономикасын нығайту үшін аянбай еңбек етіп, отандық кәсіпкерлік саласының көш басында келе жатқан «Саутс — ойл» ЖШС – «Парыз» жүлдесінің «Әлеуметтік жауапкершілігі ең жоғары кәсіпорын» аталымы бойынша алтын белгісіне ие болды. Компания директоры Серікжан Сейтжанов Үкімет басшысының қолынан алтын мүсін мен дипломды алды. Еліміздегі беделді әрі белді серіктестік 2014 жылы қайырымдылық пен демеушілік көмек үшін 63 млн. теңге қаржы бөліп, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары үшін көптеген қайырымдылық шараларын атқарған.
БЮДЖЕТТІҢ 40% БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН
Қаланың қазіргі бюджеті 722 млрд теңге. Өткен жылғы шығыстың басым бөлігі, дәлірек 40 пайызы білім саласына бөлінген. Нәтижесінде шаһарда үш...