Шымкент қаласына екі күндік жұмыс сапары аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова қала тұрғындарымен кездесіп, жаңа Еңбек кодексінің нормаларын түсіндірді. Сонымен қатар, азаматтық қызметшілердің еңбекақы төлеу жүйесіндегі өзгерістер туралы, 2016-2019 жылдарға арналған ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасы және әлеуметтік қамсыздандыру жайында айтып берді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан енгізілетін азаматтық қзыметшілердің еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісі бойынша біліктілігіне байланысты негізгі қзыметкерлер жалақысының сараланып арттырылуы күтіледі:
- денсаулық сақтау саласында — 7 -% дан 28 — % -ға дейін,
- білім беру саласында — 15 -%- дан 29-%- ға дейін,
- өзге салаларда — 28 -%- дан 40-%- ға дейін. Сондай-ақ, қызметкердің білім, біліктілік деңгейіне, еңбек өтіліне және т.б. қарай өсім сараланатын болады.
15 қараша күні Министр облыстық онкологиялық диспансерге, кардиологиялық, қан орталықтары, облыстық клиникалық ауруханада орналасқан CoLL орталығы мен облыстық балалар ауруханасына барды.