26 қазан күні облыс әкімдігінің ғимаратында өңір басшысы Бейбіт Атамқұловтың Словак Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Петер Юза мырзамен кездесуі өтті. Кездесуде қос тарап ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу және мал шаруашылығы салаларындағы әріптестікті нығайту мәселелеріне баса назар аударды. Пікір алмасу барысында Оңтүстік Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында екі елдің бизнес-делегацияларын кездестіру, жергілікті кәсіпкерлерді Словакияның ауылшаруашылық өнімдерін қайта өндеуге арналған өндіріс жабдықтарын шығаратын кәсіпорындарымен байланыс орнату мәселесі де сөз болды.
БЮДЖЕТТІҢ 40% БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН
Қаланың қазіргі бюджеті 722 млрд теңге. Өткен жылғы шығыстың басым бөлігі, дәлірек 40 пайызы білім саласына бөлінген. Нәтижесінде шаһарда үш...