Әл-Фараби аудандық прокуратурасымен аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Күні кеше осы мақсатта жүргізілген рейдтік шара суық қаруды қолдану дерегімен аяқталды. Яғни, бейсенбі күні түскі сағат 15:10-дар шамасында қаламыздағы Б. Момышұлы көшесінің бойында Әл-Фараби аудандық ПБ-нің қызметкерлері бір топ баланы байқаған. Тәртіп сақшыларының шұғыл іс-әрекеті нәтижесінде 16 жастағы екі жасөспірім қолға түсіп, олардың сөмкесінен суық қару табылды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
БЮДЖЕТТІҢ 40% БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН
Қаланың қазіргі бюджеті 722 млрд теңге. Өткен жылғы шығыстың басым бөлігі, дәлірек 40 пайызы білім саласына бөлінген. Нәтижесінде шаһарда үш...