Созақ ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы аудан жұртшылығымен бірлесе талдап, насихаттаған кездесуі болды. Жиынның күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі және Елбасымыздың халыққа арнаған жолдауын елге етене таныстырып, насихаттау мәселелері қаралады. Кездесуге келген ҚР Парлементі Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Бейсенбаев Асқар Асанұлы және ҚР Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Бектаев Әли Әбдікәрімұлы күн тәртібіндегі қаралған екі мәселеге орай жиылған аудан тұрғындарына Елбасы Жолдауы…
Автор: Айғақ медиа
Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Яғни, Абай ауданына қарасты Құрманбеков көшесінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің иелерімен кездесіп, газ құрылғыларынан сақ болуға шақырады. Жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында табиғи газға қосылмай, балон қолданып отырған отбасыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, міндетті шараларды қабылдауды ескертті. Сала мамандары келеңсіз оқиғалардың алдын алуға бағыттайтын ескерту парақшаларын таратты.
Төлеби ауданының әкімі Бұхарбай Парманов 2016 жылдың еншісінде атқарылған жұмыстарды қортындылады. Айтуынша, аудан бюджеті өткен жылы 12 млрд.158 млн.теңгені құраған. Ал ағымдағы жылы бұл қаржыға қосымша 4 млрд.185 млн. қосылып отыр. Төлебилік тұрғындардың алдында есеп берген Парманов алдағы атқарылар міндеттерді де тізбектеді. Баянадамада айтылғандай, 2017 жыл аудан үшін жемісті жыл болмақ. Өндіріс саласында үш ірі жоба қолға алынып, кәсіпкерлікті де көркейту назарда. Қыдыр дарыған, еліміздің қасиетті жерлерінің бірі Төлеби 2016 жылы толымды істерге тола болған. Яғни ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінде оң серпін байқалады. Мәселен, облыстық бюджет есебінен 4 мектептің құрылысы жүріп, пайдалануға берілген. Халықтың маңызды қажеттілігінің бірі — ол…
Түркия әлемде ЭКО жасау бойынша бірінші орынды иемденеді. Бұл бағытта Стамбұл қаласында – 3, Анталия шаһарында 3 клиника мен 2 медициналық орталық жұмыс істейді. Мұнда роботтардың көмегімен оталар жасалады. Бүгінге дейін жоғарғы техноголиямен роботтандырылған 6000-нан астам гинекологиялық ота сәтті жүзеге асырылған. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Анталия қаласына тәжірибе алмасу мақсатында барған медицина саласының мамандары мəлімдеді. Облыстық эндокринология диспансерінің дәрігер-эсперті, топ басшысы Қалкөз Қасымбекованың айтуынша, ОҚО əкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасымен Түркияға тəжірибе алмасуға барған 15 медицина қызметкері Анталия қаласында болған. Олар 6 клиниканы аралап көріп, іс-тәжірибе алмасты. Анталиядан 80 шақырым жердегі Испарта қаласындағы 750 төсек-орынға арналған ауруханасы…
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ресейлік «Акрон» компаниясы президентінің кеңесшісі Иван Антоновпен кездесті. Екі жақты кездесу барысында тараптар аталған компания мен Оңтүстік Қазақстан облысының арасындағы өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруды сөз етті. Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен оның әлеуетін таныстыра келіп, отандық және шетелдік инвестицияны өндіріске, ауыл шаруашылығы салаларына тарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар әкім шетелдік инвесторларға еліміздегі мемлекеттік бағдарламалар негізінде жеңілдіктер қарастырылғанын жеткізді. «Үш миллионға жуық тұрғыны бар Оңтүстік аграрлық аймақ саналады. Облыста соңғы жылдары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласы жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Бұдан бөлек, тау-кен саласын игеруде де тәжірибеміз мол. Сондықтан…
Баламалы энергия көздері жобасы бойынша инновациялық жоба болып табылатын шағын су электр станциясын салу мақсатында Түркия Республикасынан келген инвесторлармен Түлкібас ауданының әкімі Әуелхан Тұрғымбеков кездесті. Кездесуде аудан әкімі Түркия Республикасының «Индустриал» компаниясының қаржылық директоры Ильяс Кошасланға аудандағы су және жел арқылы шағын электр энергиясын өндіретін станцияға қолайлы Машат, Арыс, Құлан өзендері және су қоймалары мен желдің басым бағыттары жайында таныстырды. Баламалы энергия көздерінің жасыл экономика саласындағы негізгі бөлігі екендігін айта келе, ауданда жобаға қолайлы болатын бағыт бойынша барлық қолдау шаралары жасалатынын жеткізді. Түркия Республикасының «Индустриал» компаниясы жалпы құны 2,0 млрд. теңгеге жуық, жалпы қуаттылығы 4,2 мВт табиғи эллектр қуатын өндіретін…
ОҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Д.Қ.Мағауиннің (ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 25-2 бабына сәйкес) ҮНДЕУІ Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 25-2 бабын басшылыққа ала отырып, келесідей үндеу жасаймын. Аң аулау – елеміздегі жануарлар дүниесін пайдаланудың бір түрі болып саналады және көне кәсіп ретінде танылады. Ертеде адам қоректеніп, аман қалу үшін аң ауласа, қазіргі кезде адам эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін аң аулайды, яғни өзгеше әуес болып табылады. Соңғы 5 жылда өңіріміздегі аңшылардың саны 20 % өсіп, 7 мыңнан астам адамды құраған. Кез келген саладағы қызмет сияқты, аң аулауда тиісті ережелермен реттеледі және аталған ережеде аңдардың түрі, аң аулау тәсілі мен аңның әр…
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен үкімет сағатында ауыл шаруашылығы техникасын ТМД елдерінен сатып алуды ұсынды. А. Мырзахметов оның арзанырақ әрі шетелдік аналогтарынан сипаттамасы жағынан кем еместігін және бұл еліміздің комбайн паркін 3 есе ұлғайтуға мүмкіндік беретінін айтты. «2015 жылы біз комбайндар сатып алуға 3,6 млрд теңге жұмсадық. Сан тұрғысынан алғанда 40% — алыс шетел, 60% – ТМД. Осы ретте, қаражаттың 70%-ын шетелдік техникаға жұмсадық. Енді, негізінен, ТМД: Ресей, Беларусь өндірісінің техникасын сатып алсақ, олар өздерінің техникалық сипаттамалары жағынан шетелдік өнімнен ешбір кем емес, осындай шаралардың нәтижесінде комбайн паркін сол ақшаға үш есе арттыруға мүмкіндік болады»,…
Қазақстанда зейнетақы және әлеуметтік төлемдер мөлшерінің жыл сайынғы артуы дәстүрлі үрдіске айналды. Жаңа жылдан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес көптеген қазақстандықтар зейнетақының 20 пайызға артуын күткен болатын. 2017 жылғы зейнетақы төлеміндегі жаңашылдықтар туралы Рrimeminister.kz сайтына ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтып берді. Тұрақты түрде арттыру Еске салсақ, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметіне 2017 жылы зейнетақы көлемін 2016 жылғы деңгейден 20%-ға арттыруды, сондай-ақ 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала тууына байланысты бір реттік мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 20%-ға ұлғайтуды тапсырған болатын. Бұл арттыру жалпы 2 млн 100 мың қазақстандықты қамтитынын айта…
10 мыңнан астам қырғызстандық Қазақстанда нәпақасын тауып жүр, деп хабарлады ҚырТАГ. «Бүгінгі таңда Ресейде – 600 мыңнан астам еңбек мигранты бар, ал Қазақстанда – 110 мыңнан астам біздің отандасымыз сол жақта жұмыс жасап жүр», — деп келтірді ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі көші-қон мемлекеттік қызметінің өкілі Медетбек Айдаралиевтің сөзін. Хабарда айтылғандай, ҚР премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков М.Айдаралиевпен бірге еңбек мигранттары мәселесін талқылады. Көші қон қызметінің басшысы атап өткендей, ведомство әлеуметтік жағдайды және шетелдегі еңбек мигранттарының келу жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуде. «Сондай-ақ, айта кетерлігі ЕАЭО аясында еңбек мигранттарын медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген, бұл Қырғызстаннан келген еңбек мигранттарының ЕАЭО елдеріндегі медициналық қызметті пайдалануын…

