Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Медиация ісін ілгерілетуге арналған семинар өтті
    Жаңалықтар

    Медиация ісін ілгерілетуге арналған семинар өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.02.2017470 Views

    Кеше облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-де ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Дауларды, тартыстарды шешудегі медиация негізі. Міндетті сотқа дейінгі реттеу» тақырыбында практикалық семинар өтті.
    Семинарға судьялар, құқық қорғау орындарының өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, аудан, қала әкімдіктерінің медиация ісіне жауапты мамандары қатысты.
    Жиынды облыстық ассамблея хатшылығының бас инспекторы Бақытжан Полатов ашып, жүргізді.
    — Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында даулы мәселелерді сотқа дейінгі тәртіппен шешетін медиаторлар желісін дамытуды ассамблеяға жүктеген болатын. Бұл бағытта облыстық сотпен, әділет департаментімен, нотариаттық палатамен және адвокаттар алқасымен түзілген өзара іс-қимыл жөніндегі меморандум аясында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Елімізде «Медиация туралы» заңның қабылдануы, өркениет көшіне бет түзеген батыл қадамдардың жасалуы біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі. Медиация институтын дамыту — қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата-бабалар тағылымын, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамдардың бірі, — деді өз сөзінде Бақытжан Полатов.
    Басқосуда облыстық соттың татуласу рәсімі бойынша үйлестіруші-судьясы Нұрлан Биболов, «Қазақстан Медиаторлар Ассоциациясы» заңды тұлғалар қауымдастығының директоры Жандильда Жакупов сөз сөйлеп, өңірімізде медиация ісін ілгерілету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен кездесіп отырған мәселелерді ортаға салды.

    «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметі

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ОТБАСЫ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.