Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстан әлемнің ТОП-50 экономикалық еркін елдерінің қатарына қосылды
    Жаңалықтар

    Қазақстан әлемнің ТОП-50 экономикалық еркін елдерінің қатарына қосылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.02.2017218 Views

    Америкалық «Мұра қоры» зерттеу орталығы (The Heritage Foundation) экономикалық еркіндіктің халықаралық рейтингісінің деректерін жаңартты. Қорытындысы бойынша Қазақстан өз позициясын бірден бірнеше пунктке жақсартып, рейтингте 42 орынға ие болды. Сонымен қоса Ресей мен Беларусьтан алға шықты.

    Еліміз 100-ден 69 балл сомасында жинады (елдің экономикалық еркіндігінің максималды рейтингісі). Өткен жылмен салыстырғанда экономикалық еркіндік көрсеткіші бірден 5,4 пунктке жақсарды. Бүгінде Қазақстан рейтингте өзінің 42 орнын Ямайка мен Перумен бөлісуде.

    Бір жыл бұрын Қазақстан бар болғаны 69 орында болған. Бүгінде отандық экономикадағы жетістіктердің арқасында Қазақстан Польша, Румыния, Бельгия, Түркия секілді елдерден де жоғары көрсеткіш көрсетті. Рейтингте бәрінен жақын тұрғаны Польша – 45 орын.

    Рейтингті құрушылар елдердің экономикаларын он өлшем бойынша бағалайды, олардың ішінде – меншік құқығының кепілдігі, сыбайлас жемқорлықтан қорғау, бюджеттік шығындардың тиімділігі мен айқындығы, сауда еркіндігі, еңбек нарығының икемділігі.

    Талдаушылар еңбек нарығының икемділігі мен қаржылық тәуелсіздіктен басқа, барлық дерлік рейтингтер бойынша оң баға берді.

    Сарапшылар өсімнің себебін Қазақстанның соңғы он жылда экономика икемділігі мен ашықтығының саясатынан едәуір пайда тапқанымен түсіндіреді. Сонымен қатар, мемлекет маңызды өнеркәсіптік кәсіпорындарда, әсіресе энергетикалық секторда өз үлесін сақтауды жалғастыруда. Қолайлы реформалардың мысалы ретінде банктің жекешеленуі, бәсекеге қабілетті салық мөлшерлемелерін енгізу, сонымен қатар сауда режимін жаңғыртуды атауға болады.

    Бұдан өзге, талдаушылар Қазақстанның экономикалық еркіндікті одан әрі дамыту мақсатында бірқатар шараларды қабылдағанын мәлімдейді.

    «Энергетикалық емес секторды кеңейту шараларына қарамастан, ортақ нормативтік база бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында барынша қолайлы болуы керек», — деп тұжырымдады Heritage Foundation-де.

    Ресей де өз көрсеткішін едәуір жақсартты, бірден 39 сатыға көтеріліп, 114-орынды иеленді. Қор зерттеулері Ресей экономикасына инфляциялық қысымның өсуі, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың кеңінен жайылып, меншік құқықтарының жеткіліксіз қоғалуы кедергі келтіретінін көрсетті.

    Беларусь 104-орынды иеленді. Сарапшылар елдің қайта реттеуде аз жетістікке жеткенін айтты, бірақ барынша либералдық экономикалық саясат қаржы жылы аралығында басымдықты болған жоқ. Дегенмен, мемлекеттің бизнеске араласуы мен бақылауы экономика дамуын тежеуде.

    Анықтама:

    Америкалық «Мұра қоры» зерттеу орталығы (The Heritage Foundation) – АҚШ-тың 1973 жылы негізі қаланған стратегиялық зерттеу институты. Ол халықаралық саясатты зерттеудің кең спектрімен айналысады. Институт қоғамның статистикалық үлгісін құрып, оны жұртшылыққа қолжетімді ету идеясын ұсынады. Қор бірқатар талдамалық зерттеулерді таратушы, олардың ішіндегі ең танымалы – жыл сайынғы «Экономикалық еркіндік индексі», «2000 саяси сарапшылары», «Көшбасшылыққа мандат».

    Ақпарат primeminister.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ОТБАСЫ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.