Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Транзиттік тасымалдар ел экономикасы өсімінің жаңа көзі болмақ
    Жаңалықтар

    Транзиттік тасымалдар ел экономикасы өсімінің жаңа көзі болмақ

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.02.2017209 Views

    2020 жылға қарай көліктің барлық түрінен транзиттік тасымалдардан түсетін кіріс 1 трлн 300 млрд теңгені құрауы тиіс. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр хабарлады.

    Еуропа-Қытай бағытындағы транзиттік контейнерлік тасымалдар 2016 жылы екі есеге өсті және 104,5 мың контейнерді құрады. Вице-министр осындай қарқын 2020 жылға қарай Қазақстанның барлық контейнерлік тасымалдарының көлемін 2 млн контейнерге дейін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.

    2016 жылы транзиттік авиа жолаушылар саны 250 мыңнан 478 мыңға дейін ұлғайды. Бүгінде жолаушылардың негізгі ағыны Азиядан Еуропаға және кері бағытта байқалады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 600 мың адамға жетеді деп жоспарланған.

    Еске сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Үкіметке 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдардың жылдық көлемін ұлғайту туралы тапсырма берді:

    — Контейнерлермен тасымалданатын жүк көлемін 7 есеге – 2 миллион контейнерге дейін;

    — Әуе көлігімен жолаушылар тасымалын 4 есеге – 1,6 миллион транзиттік жолаушыға дейін жеткізу.

    Сонымен қатар, Мемлекет басшысы транзиттік тасымалдардан түсетін кірісті 5,5 есеге – жылына 4 млрд долларға дейін ұлғайту қажеттігін айтты.

    Дереккөз: primeminister.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.