Автор: Айғақ медиа

Облыс әкiмi Жансейiт ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебi 2016 жыл елiмiз және облыс халқы үшiн түрлi саяси, экономикалық және әлеуметтiк жетiстiктерге толы жыл болды. Ең алдымен барша отандастарымыз секiлдi оңтүстiкқазақстандықтар да ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық мерейлi мерекесiн лайықты табыстармен атап өттi. Ал, 2017 жылдың ерекшелiктерiн ҚР Президентi жуырда билiк тармақтары арасында өкiлеттiктердi қайта бөлу мәселелерi жөнiндегi Үндеуiнде және «Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» деп аталған Жолдауында айқындап бердi. Назарларыңызға ұсынылып отырған есептi баяндама алдымызға қойылған осынау ауқымды мiндеттердiң үдесiнен шығуды көздейдi. Өнеркәсіп 2016 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 776,8 млрд. теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 106,3 млрд. теңгеге…

Read More

Бұл туралы мәліметті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО-ндағы өкілдігі таратты. Және Сарыағаш аудандық әкімдігі оқыс оқиғаның орын алғанын растап отыр. Белгілі болғандай, 47 жастағы аудандық білім бөлімінің басшысы М. есімді азамат аудандағы мектеп директорының бірінен 470 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда.  Бұл жарты миллион теңгенің өтемі ретінде білім бөлімінің басшысы директорға «қамқорлық жасап жүрмек» болған. Бұрынғы облыс әкімінің кезінде пилоттық жоба ретінде, 2016 жылдың маусым айында білім бөліміне басшы болып тағайындалған шенеунік бұған дейін ОҚО Білім басқармасында жұмыс жасаған. Қызметке келгеніне бір жыл толған жоқ. Осылайша, аудан әкімі халық алдында 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы қорытынды есепке дайындалып…

Read More

Үкімет отырысында ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында белгіленген даму басымдықтарын орындау бойынша жалпыұлттық жоспар ұсынылды, деп хабарлайды primeminister.kz Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов бірінші басымдық – жеделдетілген технологиялық жаңғыру аясында цифрлық индустрияны, экономиканың негізгі салаларының технологиялық қайта жарақталуын дамытуға бағытталған 19 шара қарастырылғанын баяндады, оның ішінде төртінші өнеркәсіптік революция, инвестиция тарту, көлік инфрақұрылымын дамыту, сонымен қатар ғылыми әлеуетті дамыту бар. Жобада «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, Елдің экспорттық-инвестициялық стратегиясы, АӨК мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы тәрізді жаңа бағдарламалық құжаттардың әзірленуі, сонымен қатар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу және өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту қарастырылған. Екінші басымдық –…

Read More

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Жақып Асановты қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында Жақып Асанов Нұрсұлтан Назарбаевқа құқық қорғау органдарының 2016 жылғы қызметінің қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары туралы баяндады. Қазақстан Президенті елдегі қоғамдық қауіпсіздік ахуалын жақсартуға бағытталған реформалардың маңыздылығын атап өтті. «Осы жылдар ішінде біз барлық салада реформа жасап келеміз. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығының қорытындысы бойынша экономикалық өсім және тұрғындардың әл-ауқаты артқанын байқаймыз. Алайда, құқық қорғау органдары қызметінің мәселелері ешқашан өзектілігін жоғалтқан емес. Біз тиісті шаралар қабылдап, заңнамаларға өзгерістер енгізудеміз», — деді Елбасы. Мемлекет басшысы бұрынғы кезде тіркелген қылмыстар саны алдыңғы…

Read More

Бүгін Қазақстан Республикасының Үкіметінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық жиын өтті. Жиынға министрлер мен облыс әкімдері, жалпы салаға жауапты жетекшілер қатысты. Күн тәртібінде ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген даму басымдықтарын орындау бойынша жалпыұлттық жоспар ұсынылды. Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов бес басымдықтан тұратын осынау жоспарды таныстырып, бірінші басымдық — жеделдетілген технологиялық жаңғыртылу аясында цифрлық индустрияны, экономиканың негізгі салаларының технологиялық қайта жарақталуын дамытуға бағытталса, екінші басымдық — бизнес ортаны түбегейлі кеңейту және жақсартуға арналатынын жеткізді. Министрдің сөзінше, үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық аясында жүзеге асырылса, төртінші басымдық – адами капиталды дамытуға, бесінші басымдық…

Read More

Бүгін ОҚО Аймақтық коммуникация қызметінде Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов брифинг өткізіп, облыс соттарының 2016 жылы сот төрелігін атқару жұмыстарының қорытындылары мен сот жүйесін жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баян етті. Сот төрағасы Президент Н.Назарбаевтың бес басымдықтан тұратын «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, оның жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды жалғастыру қажеттілігі туралы айтылған бесінші бағытын іске асыруға облыс судьяларының кірісіп кеткенін тілге тиек етті. Брифинг барысында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді соттарда қарау бойынша негізгі көрсеткіштер айтылды. Мәселен, 2016…

Read More

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ)Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный мырзамен кездесіп, ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі ынтымақтастық меморандумға қол қойды. Кездесуде балалалардың тең мүмкіндіктер алуға құқығы, отбасы денсаулығын нығайту және әлеуметтік қолдау сияқты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, 2016-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ Балалар Қоры арасындағы ынтымақтастық жоспары шеңберінде денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы ынтымақтастық бағыттары жөнінде пікір алмасылды. «Оңтүстік Қазақстан облысы туу көрсеткіші бойынша елімізде көш бастап тұрған өңір. Республикада туылған әрбір бесінші бала Күнгейде дүниеге келеді. Біздің аймақ жастарының көптігімен де ерекше облыс. Бүгінгі түзілген меморандум әлеуметтік қорғау салалары…

Read More

Сәкен Сәрсенов «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев. «Бүгіндері С. Сәрсенов «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды», — деп жазды Д. Абаев Facebook парақшасында. С.Сәрсенов бұрындары ҚР ақпарат және коммуникация вице-министрі қызметін атқарған. Еске салсақ, мұның алдында «Қазпоштаны» басқарған Бағдат Мусин ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. ҚазТАГ

Read More

2017 жылғы 8 ақпанда сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы жұмыс қорытындыларына арналған алқа мәжілісі өтеді. Мәжілісте мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті органның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының, аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынышты ұйымдардың 2016 жылғы бойынша қызметі қорытындыланады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру салаларындағы негізгі қызметтің бағыттары қаралады. Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес «kyzmet.gov.kz», «bnews.kz», «baq.kz» интернет-ресурстарында тікелей желіде көрсетілім ұйымдастырылып, алқа мәжілісінің халыққа қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Өткізілетін орны: Астана қаласы, Абай…

Read More

 «Нұр Отан» Партиясының хатшысы Зауытбек Тұрысбеков қаламыздағы №7-ші Қарсыбай Спатаев атындағы  мектеп-лицейдің оқушыларымен кездесті. Іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда жолдаған  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты стратегиялық құжатты насихаттауға бағытталған.  Сондай-ақ, білім ұясында өткен жиында Зауытбек Қауысбекұлы мемлекет басшысының Жолдаудағы басты  бағыттарына кеңінен тоқталды. Белгіленген тапсырмалардың орындалуында әрбір қазақстандықтың өз міндеті бар. Мәселен, үштілділік пен ғылымды дамытуда мектеп мұғалімдері мен  білім алушылардың атқарар жұмысы айтарлықтай зор болмақ. Аяжан Дәулетбай

Read More