Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Абайдың «Қара сөздері» вьетнам тіліне аударылды
    Айғақ MEDIA

    Абайдың «Қара сөздері» вьетнам тіліне аударылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.12.2020634 Views

    Ханой ұлттық педагогикалық университетінде Абай Құнанбайұлының вьетнам тілінде шыққан «Қара сөздері» кітабының тұсаукесері өтті.«Абай XIX ғасырдың аяғында, қазақ халқы тарихи қиылысқа тап болған уақытта шығармашылық жасады. Ақын өзгерген әлемнің дәстүрлі көшпелі қоғамды орны толмас күйде жойып жатқанын, ал халқы тарихтың шетінде қалмау үшін қалыптасқан тәртіптің толық жаңаруынан өтуі керек екенін өте жақсы білді. Міне, осы кітапта оның отандастарына деген үндеуі осыған негізделді», — деп атап өтті Қазақстан Елшісі Ерлан Байжанов ойшылдың әйгілі туындысын таныстыру кезінде.Кітаптың вьетнамдық басылымы оның алғысөзі ретінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және Қазақстан ХХІ ғасырда» атты мақаласымен ашылады, соның арқасында вьетнамдық оқырман Абай тұлғасы мен оның мұрасының қазіргі қоғам үшін маңызы туралы құнды ойлар жинай алады.Дипломаттың айтуынша, бұл кітаптың аудармасының тұсаукесері Ханой ұлттық педагогикалық университетінде өтіп жатқанының символдық мәні бар, өйткені мұнда Абай атындағы ғылым және мәдениет орталығы жұмыс істейді.«Қара сөздерді» вьетнам тілінде басып шығару – Вьетнам аудиториясы үшін Қазақстан, оның халқы, қазақ тарихы, мәдениеті мен әдебиеті туралы көбірек білуге ​​таптырмас мүмкіндік», – деді университеттің Әкімшілік кеңесінің төрағасы және партиялық комитетінің хатшысы До Вьет Хунг.Абай кітабының аудармашыларының бірі, Вьетнам жазушылар одағының вьетнамдық және орыс әдебиеттерін таратуға қолғабыс көрсету қоры директорының орынбасары Ле Дык Ман да өзінің әсерімен бөлісті. Көркем аударма шебері атқарылған жұмыс туралы ой қозғай отырып, «аударма қызметі — бұл екі ұлттың, екі мәдениеттің байланыстырушы көпірі, ал әрбір аударма осы көпірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Біздің аударма Вьетнам мен Қазақстан арасындағы осы көпірдің алғашқы бөлігіні бірі болғанына қуаныштымын».Хо Шан Мин Ұлттық саяси академиясының Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Хоанг Ван Нгия екі елді жоғары деңгейдегі саяси қатынастар мен сауда-экономикалық байланыстар біріктіретіндігін, алайда мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастықтың ауқымы оларға сәйкес келмейтіндігін баса айтты. Ол бұл кітап осы олқылықты ішінара толтырады және одан әрі вьетнамдықтар Абай шығармашылығына, оның өзін-өзі дамыту, мәдениет, білім беру және қоғамдық адамгершілік саласындағы идеялары мен философиясына қызығушылық таныта бастайды деген сенім білдірді.

    Тұсаукесерде сөз алған университеттің Тарих факультетінің деканы Дао Туан Тханның айтуынша, «Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы қазақ халқының ұлттық бірегейлікті сақтау, елді жаңғырту және реформалау жолындағы тынымсыз күресін айна сияқты көрсетеді. Оның ойларын зерттей отырып, мен оның көптеген прогрессивті идеяларының қазіргі заманға сәйкес келетіндігін, дәуірінен асып кектен көзқарастарды көрсететіндігін анықтадым. Меніңше, Абайды «Шығыстың Вольтері» деп атауға болады. Бұл тұлғаалдымызда алты кейіпте көрініс табады: философ, ақын, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, композитор, аудармашы және ағартушы».

    «XIX ғасырдың аяғы — ХХ ғасырдың басына жататын «Қара сөздер» өзінің өзектілігімен таң қалдырады. Онда ұлттық және әлемдік мәдениеттерді интеграциялау, жастарды тәрбиелеу, рухани тәрбие, адамгершілік және гуманизм мәселелері сияқты мәселелер көтеріледі», – деп университеттің Филология факультетінің деканы До Хай Фонг та назар аудартты.

    «Қара сөздердің» аудармасын басып шығарған шығарған вьетнамдық «Әдебиет» баспасының жетекшісі Нгуен Ань Ву баспадан шыққан шет елдердің бай және алуан түрлі шығармалар жинағының ұлы шығарма – Абайдың дидактикалық әңгімелерімен толықтырылғанына қанағаттанғандығын білдірді.

    Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың музыкалық мұрасымен танысты, оларға «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Сегіз аяқ» атты ең әйгілі әндері орындалған бейнероликтер көрсетілді.

    Қазақ классигінің 175 жылдығын мерекелеу аясында Вьетнамдағы Қазақстан Елшілігі ұйымдастырған тұсау кесерге университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері, шетелдік елшіліктердің дипломаттары, бұрынғы КСРО елдерімен достық топтарының жергілікті қауымдастықтарының жетекшілері, Вьетнамның жетекші ақпараттық агенттіктері мен телеарналарының журналистері қатысты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.