«Абай XIX ғасырдың аяғында, қазақ халқы тарихи қиылысқа тап болған уақытта шығармашылық жасады. Ақын өзгерген әлемнің дәстүрлі көшпелі қоғамды орны толмас күйде жойып жатқанын, ал халқы тарихтың шетінде қалмау үшін қалыптасқан тәртіптің толық жаңаруынан өтуі керек екенін өте жақсы білді. Міне, осы кітапта оның отандастарына деген үндеуі осыған негізделді», — деп атап өтті Қазақстан Елшісі Ерлан Байжанов ойшылдың әйгілі туындысын таныстыру кезінде.
Кітаптың вьетнамдық басылымы оның алғысөзі ретінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және Қазақстан ХХІ ғасырда» атты мақаласымен ашылады, соның арқасында вьетнамдық оқырман Абай тұлғасы мен оның мұрасының қазіргі қоғам үшін маңызы туралы құнды ойлар жинай алады.
Дипломаттың айтуынша, бұл кітаптың аудармасының тұсаукесері Ханой ұлттық педагогикалық университетінде өтіп жатқанының символдық мәні бар, өйткені мұнда Абай атындағы ғылым және мәдениет орталығы жұмыс істейді.
«Қара сөздерді» вьетнам тілінде басып шығару – Вьетнам аудиториясы үшін Қазақстан, оның халқы, қазақ тарихы, мәдениеті мен әдебиеті туралы көбірек білуге таптырмас мүмкіндік», – деді университеттің Әкімшілік кеңесінің төрағасы және партиялық комитетінің хатшысы До Вьет Хунг.Абай кітабының аудармашыларының бірі, Вьетнам жазушылар одағының вьетнамдық және орыс әдебиеттерін таратуға қолғабыс көрсету қоры директорының орынбасары Ле Дык Ман да өзінің әсерімен бөлісті. Көркем аударма шебері атқарылған жұмыс туралы ой қозғай отырып, «аударма қызметі — бұл екі ұлттың, екі мәдениеттің байланыстырушы көпірі, ал әрбір аударма осы көпірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Біздің аударма Вьетнам мен Қазақстан арасындағы осы көпірдің алғашқы бөлігіні бірі болғанына қуаныштымын».
Хо Шан Мин Ұлттық саяси академиясының Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Хоанг Ван Нгия екі елді жоғары деңгейдегі саяси қатынастар мен сауда-экономикалық байланыстар біріктіретіндігін, алайда мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастықтың ауқымы оларға сәйкес келмейтіндігін баса айтты. Ол бұл кітап осы олқылықты ішінара толтырады және одан әрі вьетнамдықтар Абай шығармашылығына, оның өзін-өзі дамыту, мәдениет, білім беру және қоғамдық адамгершілік саласындағы идеялары мен философиясына қызығушылық таныта бастайды деген сенім білдірді.
