Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»КИЕЛІ ТҮРКІСТАННАН ЕЖЕЛГІ ТАРАЗҒА САПАР
    Айғақ MEDIA

    КИЕЛІ ТҮРКІСТАННАН ЕЖЕЛГІ ТАРАЗҒА САПАР

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.11.2020873 Views

    «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған  «Ясауи ізімен» ғылыми экспедиция мүшелері Жамбыл облысына арнайы іссапармен барды.Киелі Түркістаннан тасын түртсе тарихы сөйлейтін Тараз қаласына ат басын бұрған экспедиция тобы XI-XII ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіштерінің жауһары, аңыздарға сүйенсек Қожа Ахмет Ясауидің жаназасын оқыған қасиетті Қарабураның ұрпағы Айша бибі және оның сенімді серігі болған Бабаджа хатунның кесенелеріне барып, тарихымен танысты. Сапар барысында қаншама ғалымдар мен зерттеушілердің назарын өзіне аударған сыры мен жұмбағы көп Ақыртас сарай кешенін аралаған экспедиция мүшелері тәжірибе алмасу мақсатында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде атқарылып жатқан жұмыстармен  танысып, мамандармен пікір алмасты.

    Осы орайда ұжым қызметкерлерімен арнайы кездесу ұйымдастырылып «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің басшысы Жамбыл облысына бағыт алған сапардың мақсаты мен қорық-музей аумағында рухани жаңғыру жолындағы тарихи ізденістер, атқарылған және жоспарланған жұмыстар жайлы мәлімдеді. Жиын аясында  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Н.Ахметжанов  пен «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Н.Бықыбаев ұжымаралық байланысты нығайту, тәжірибе алмасуды қолға алу туралы бірқатар мәселелерді шешуге уағдаласты.

    Жамбыл облысындағы сапар «Көне Тараз» қалашығы мен Ежелгі Тараз қаласының батыс аумағында орналасқан діни мемориалдық кешендер  — ортағасырлық  Қарахан мен Дәуітбек кесенелері жайлы тарихи деректермен танысуға ұласты. Айта кетсек, Түркі әлемінің тұлғасы Қожа Ахмет Ясауидің тарихын қайта түгендеу, балалық шағынан бастап шәкірттері мен замандастарына дейінгі толыққанды мәліметтерді топтастыру, тың деректер іздеу мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен қолға алынған «Ясауи ізімен» тарихи-деректі экспедиция  Сайрам, Созақ өңірлерінде жүргізілген болатын. Алдағы уақытта Ясауидің ұстаздары мен Қазақстандағы және 100-ге жуық елге таралған шәкірттері жайлы зерттеу жұмыстары әрі қарай жалғасын табады.

    «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.