ВЕНГРИЯЛЫҚТАР ДЕНДРОСАЯБАҚҚА АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ
Шымкент пен Дебрецен қаласы арасындағы бауырластық байланыс игі іспен жалғасты. Ресми сапар аясында Венгриялық делегацияның өкілдері дендросаябақта ағаш көшеттерін отырғызды....
Киелі Түркістаннан тасын түртсе тарихы сөйлейтін Тараз қаласына ат басын бұрған экспедиция тобы XI-XII ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіштерінің жауһары, аңыздарға сүйенсек Қожа Ахмет Ясауидің жаназасын оқыған қасиетті Қарабураның ұрпағы Айша бибі және оның сенімді серігі болған Бабаджа хатунның кесенелеріне барып, тарихымен танысты.
Сапар барысында қаншама ғалымдар мен зерттеушілердің назарын өзіне аударған сыры мен жұмбағы көп Ақыртас сарай кешенін аралаған экспедиция мүшелері тәжірибе алмасу мақсатында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, мамандармен пікір алмасты.
Жиын аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Н.Ахметжанов пен «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Н.Бықыбаев ұжымаралық байланысты нығайту, тәжірибе алмасуды қолға алу туралы бірқатар мәселелерді шешуге уағдаласты.
Айта кетсек, Түркі әлемінің тұлғасы Қожа Ахмет Ясауидің тарихын қайта түгендеу, балалық шағынан бастап шәкірттері мен замандастарына дейінгі толыққанды мәліметтерді топтастыру, тың деректер іздеу мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен қолға алынған «Ясауи ізімен» тарихи-деректі экспедиция Сайрам, Созақ өңірлерінде жүргізілген болатын. Алдағы уақытта Ясауидің ұстаздары мен Қазақстандағы және 100-ге жуық елге таралған шәкірттері жайлы зерттеу жұмыстары әрі қарай жалғасын табады.Шымкент пен Дебрецен қаласы арасындағы бауырластық байланыс игі іспен жалғасты. Ресми сапар аясында Венгриялық делегацияның өкілдері дендросаябақта ағаш көшеттерін отырғызды....
Он екі жылдық үзілістен кейін қазақ боксы Азия ойындарының алтынына қайта қол жеткізді. Бұл жолы тарихи жеңісті Шымкенттік боксшы Төрехан...
Шымкентте 105 жас кадет әскери өмірге алғашқы маңызды сертін берді. Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің 1-оқу ротасы салтанатты түрде Әскери...
Кәсіп бастауға ниетті жандар үшін жағымды жаңалық. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін екінші деңгейлі банктерден 12,6 пайыздық мөлшерлемемен 200...
Шығармашылық идеядан басталады. Ал сол идеяны табыс әкелетін жобаға айналдыру үшін білім мен дұрыс бағыт қажет. Шымкентте осы мақсатты көздейтін...
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.