РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...
Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімінің 20 пайызын құрайтын облыстың негізгі саласы болып табылады. Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атап өткеніндей, ауыл шаруашылығын дамытусыз бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Қасым-Жомарт Кемелұлы елді азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін екі жарым есеге арттыру бойынша міндеттер қойған болатын.Осы бағыттардың барлығы бойынша 2020 жылы Түркістан облысында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Аймақ басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы өткен жылмен салыстырғанда 17,0 мың гектарға артып, 846,1 мың га құраған.
Егістікті әртараптандыруға сәйкес масақты дақылдар 18,8 мың га артып, 250,5 мың га жерге, мал азықтық дақылдар 11,0 мың га артып, 212,7 мың га-ға, көкөніс, бақша 1,7 мың га артып, 120,5 мың га-ға орналастырылса, тиісінше мақта дақылы 5,5 мың га қысқартылып 125,8 мың га алқапқа егілді. Масақты дақылдар тікелей егу әдісімен 1,5 мың га егіліп, өткен жылдан 3 есеге артты. Технология жұмыс күшін азайтып, еңбек өнімділігін 1,5 есе арттыруға мүмкіндік берді.
75,0 мың тонна 500 түрлі минералды тыңайтқыштар 50 % жеңілдікпен тауар өндірушілерге жеткізілді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге нарықтық бағадан 16 теңгеге арзандатылған бағамен 76,2 мың тонна жанар-жағар май босатылды. Жаңадан 929 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынып, техника паркін жаңалау үлесі 5 % жетті.
Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру мақсатында облыста «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағытында 128 ауыл округте 5,2 мың гектарды құрайтын 2000 жуық жобалар жүзеге асырылып 220,0 мың тн. өнім өндірілді.
Нәтижесінде 287 жоба жүзеге асырылып, әр отбасы 850,0 мың теңгеден табыс тапқан. Оның ішінде, «Еңбек» бағдарламасымен жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мемлекеттік гранты есебінен 105 жоба қаржыландырылды.
Ет экспортының әлеуетін арттыру бағытында Өзбекстан, Ресей елдеріне 5343,8 тонна сиыр еті, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Ресей елдеріне 301,1 тонна қой еті, Өзбекстан, Ресей елдеріне 33,8 тонна жылқы еті экспортталды. Түркістан облысы республикада ірі қара мал етін экспорттау бойынша 1 орында. Сонымен қатар, аймақта балық шаруашылығын дамытудың арнайы өңірлік бағдарламасы әзірленуде. Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...
Шымкент қаласының медицина қызметкерлері спартакиадада бас қосты. Ақ халатын спорттық киімге ауыстырған абзал жандар бұл жолы өзара спорт алаңында бақ...
Шымкент қаласы әкімінің халықпен көшпелі кездесуі бұл жолы Әл-Фараби ауданында өтті. Қала басшысымен жүздесуге келген тұрғындар көкейлерінде жүрген мәселелерді ашық...
Жаз мезгілінде балалардың уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін орындардың бірі – лагерь. Шымкент қалалық №2 Оқушылар сарайындағы «Қызық Life» жазғы...
Балаларды қорғау күні қарсаңында Шымкенттегі ерекше бүлдіршіндерге арналған мерекелік іс-шара өтті. Креатив хаб орталығында ұйымдастырылған кездесуде балаларға сыйлықтар табысталып, олардың...
Шымкентте биыл мыңнан астам тұрғын баспаналы болады. Қалада 32 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1200-ден аса пәтер ел игілігіне беріледі. Қазір...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.