БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ
Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...
Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімінің 20 пайызын құрайтын облыстың негізгі саласы болып табылады. Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атап өткеніндей, ауыл шаруашылығын дамытусыз бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Қасым-Жомарт Кемелұлы елді азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін екі жарым есеге арттыру бойынша міндеттер қойған болатын.Осы бағыттардың барлығы бойынша 2020 жылы Түркістан облысында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Аймақ басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы өткен жылмен салыстырғанда 17,0 мың гектарға артып, 846,1 мың га құраған.
Егістікті әртараптандыруға сәйкес масақты дақылдар 18,8 мың га артып, 250,5 мың га жерге, мал азықтық дақылдар 11,0 мың га артып, 212,7 мың га-ға, көкөніс, бақша 1,7 мың га артып, 120,5 мың га-ға орналастырылса, тиісінше мақта дақылы 5,5 мың га қысқартылып 125,8 мың га алқапқа егілді. Масақты дақылдар тікелей егу әдісімен 1,5 мың га егіліп, өткен жылдан 3 есеге артты. Технология жұмыс күшін азайтып, еңбек өнімділігін 1,5 есе арттыруға мүмкіндік берді.
75,0 мың тонна 500 түрлі минералды тыңайтқыштар 50 % жеңілдікпен тауар өндірушілерге жеткізілді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге нарықтық бағадан 16 теңгеге арзандатылған бағамен 76,2 мың тонна жанар-жағар май босатылды. Жаңадан 929 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынып, техника паркін жаңалау үлесі 5 % жетті.
Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру мақсатында облыста «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағытында 128 ауыл округте 5,2 мың гектарды құрайтын 2000 жуық жобалар жүзеге асырылып 220,0 мың тн. өнім өндірілді.
Нәтижесінде 287 жоба жүзеге асырылып, әр отбасы 850,0 мың теңгеден табыс тапқан. Оның ішінде, «Еңбек» бағдарламасымен жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мемлекеттік гранты есебінен 105 жоба қаржыландырылды.
Ет экспортының әлеуетін арттыру бағытында Өзбекстан, Ресей елдеріне 5343,8 тонна сиыр еті, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Ресей елдеріне 301,1 тонна қой еті, Өзбекстан, Ресей елдеріне 33,8 тонна жылқы еті экспортталды. Түркістан облысы республикада ірі қара мал етін экспорттау бойынша 1 орында. Сонымен қатар, аймақта балық шаруашылығын дамытудың арнайы өңірлік бағдарламасы әзірленуде. Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...
Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...
Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...
Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...
Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.