• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Д.ЕРҒОЖИН: Біз қарапайым қазақты қопарып, төңкеріп жатқан жоқпыз

30.09.2016
0

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің айтуынша, бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарында отандық бизнесті тексеру шараларының жиілеп кеткені жайында айтылады. Мемлекеттік кірістер комитеті салықты арттыру арқылы бюджетке түсетін қаржыны ұлғайтып отыр. Сөйтіп, қазақстандық кәсіпкерлерге қысым жасап жатыр деген пікір бар. Бүгін сенаторлар алдында есеп берген Д.Ерғожин осы мәселенің мән-жайын түсіндіріп берді, деп xабарлайды BNews.kz.

 

«Бүгінгі тексерістердің екіге бөлінетінін ескеру керек. Біріншісі – салық пен айыппұлдарды салғанға дейін жасалатын тексерістер, екіншісі – тек ескертумен ғана аяқталатын тексерістер. Өткен жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда, шынымен де, 2016 жылы тексерістердің саны 20 пайызға артты. Әрине, ондай жағдай алаңдаушылық туғызады. Сол себепті, біз ол тексерістерді зерделеп шықтық. Мәселен, салық пен айыппұлдарды салғанға дейін жасалатын тексерістер кезінде кәсіпкердің өз өтінішімен немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің бастамасымен өтетін тексеріс бар. Ол қалай? Кәсіпкер қосарланған құн салығын қайтарғысы келсе, тексеріске өзі тапсырыс береді. Міне, Қазақстандағы тексерістердің 53 пайызы осындай жағдайларға байланысты. Енді, қараңыз, ол қосарланған құн салығын қайтарамын десе, мен оны тексеріп шығуым қажет қой. Осындай кері тексерістердің саны 70 пайыз», — дейді Д.Ерғожин.

Ал биылғы тексерістердің 20 пайызға артуы xронометражды, яғни, ескерту мақсатында жасалатын тексерістердің жиілеп кетуіне байланысты болып отыр. Ондайда комитет мамандары кәсіпкерге барып, оның тауарларды тіркеу журналында көрсеткен мәліметтерін тексереді. Ондай мәліметтер төленіп жатқан салыққа сәйкес келмесе, ескерту жасалады.

«Мәселен, Алматыда отырған бір компания өзінің жылдық табысын 273 мың теңге деп көрсеткен. Ал шын мәнінде оның айналымы 100 млн теңге болған. Сонда не ол? Қайырымдылықпен айналыса ма? Біздің мамандарымыз 64 күн отырып, келген, кеткен тауарды өздері тіркеп отырды. Осы тексерістен кейін оның табысы 630 пайызға артты. Оған ешкім айыппұл салған жоқ, тек ескерту ғана жасалды. Сол сияқты балықты импорттаумен айналысатын бір компания бір жылдың ішінде 737 млн. теңгенің тауарын әкелді. Ал өз табыстарын 2-ақ миллион деп көрсетті. Ол да қайырымдылық па? Сол жерде де 64 күн отырдық. Сонда олардың өз табысын 256 пайызға төмендетіп көрсеткендері анықталды», — дейді комитет басшысы.

Д.Ерғожиннің айтуынша, биылғы жылы қауіп-қатерледі басқару жүйесі аясында 1,2 млн. кәсіпкердің тек 1 400-і ғана тексерістен өтеді. Ол көрсеткіш 0,1 пайызға да жетпейді. Оның ішінде шағын және орта бизнес өкілдері жоқ.

«Сол 1 400 кәсіпкерлік нысанның барлығы – мемлекеттік сатып алуға, тауарлар импортына және тағы басқа үлкен тапсырыстарға қатысатын ірі бизнесмендер. Неге олар? Себебі, бізде нақты сұрақтар бар? Мәселен, 3-10 млрд. теңгеге тапсырыс алып отырған құрылыс компаниясы салықтық жүктемесін 0,1 пайыз деп көрсетсе, кез келген адамда сұрақ туындамай ма? Себебі, қатардағы Қазақстан азаматының салықтық жүктемесі, кем дегенде, 18 пайызға жетіп отыр. Соның ішінде табыс салығы, зейнетақы төлемі және тағысын-тағы бар. Ал 5 млрд теңгенің айналымы бар құрылыс компаниясы салықтың 0,1 пайызын төлеп отыр. Сұрақ бар ғой. Бар. Біз соған жауап іздейміз. Бұл жерде шағын бизнес жоқ. Біз қарапайым қазақтарға барып, ИП-ны тексеріп, төңкеріп жатқан жоқпыз. Оның пайдасы да жоқ», — дейді Д.Ерғожин.

Бөлісу2TweetPin

Ұқсас жазбалар

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

Айғақ медиа
01.07.2026
0

Шымкент қаласында арнайы белгіленген мал жаятын орындар жоқ. Оған себеп, қаланың республика көлемінде 3 ші мегаполиске айналуы. Осыған байланысты Абай...

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР

Айғақ медиа
26.06.2026
0

7-8 балдық жер сілкінісінен 120 мың адам панасыз қалуы мүмкін. Бұл жайында аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Қайрат Бекбауов...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

ПОГОН АРТЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Айғақ медиа
24.06.2026
0

Тәулік бойы тынымсыз қызмет. Қауіп пен қатерге қарамастан қоғамдық тәртіпті күзету. Бірі қылмыстың алдын алса, енді бірі адам өмірін сақтап...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

Айғақ медиа
24.06.2026
0

Биылғы шомылу маусымында жазатайым 2 оқиға тіркелді. Десекте ол оқиғалар шомылуға тиым салынған аумақта орын алған. Қалада шомылуға рұқсат етілген...

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясында шаһардың алдағы дамуына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер қаралды. Депутаттар күн тәртібіне енгізілген 8 мәселені...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

ХАЛЫҚ ТАРИФ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДЫ СҰРАДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Жолдың жыры, тарифтің салмағы, автобустың азабы. Әл-Фараби ауданындағы халықпен кездесуде шымкенттіктер көкейдегі көп мәселені әкімнің алдына жайып салды. Шымкент қаласының...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.