БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ
Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...
Биыл пайдалануға берілетін көпқабатты үйлердің құрылыс барысын бақылап, құрылыс материалдарының сапасы мен жұмыс күшінің жеткіліктілігіне баса мән берген облыс басшысы жауапты жетекшілерге бірқатар тапсырмалар жүктеді.
«Сапа – басты талап. Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс материалдары өте сапалы болуы тиіс. Өздеріңіз тұратындай етіп салыңыздар. Жұмыс көлемінің көптігі түсінікті. Десек те, дәл қазір кідіретін кез емес», – деді құрылысшылармен кездескен Өмірзақ Естайұлы.
Аймақ басшысы қаланың әкімшілік-іскерлік орталығында салынып жатқан тұрғын үйлерді аралады. Мұнда 7 қабатты 24 тұрғын үйдің 22-де қараша айының соңында құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұған қоса, қала тұрғындары мен жаңадан қоныстанушыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ипотекалық тұрғын үйлердің қатарын арттыру көзделіп отыр.
Жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тұрған жандар үшін 1452 пәтер беру жоспарланған. Оның 1002 пәтері ипотекалық жолмен берілмек. Ал, 450 пәтер қала бойынша тұрғын үйге мұқтаж тізімінде тіркелген көпбалалы отбасыларға берілетін болады. Одан өзге, 540 пәтер кезекте тұрған әлеуметтік осал топтардағы азаматтарға, бюджеттік сала қызметкерлері, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көпбалалы аз қамтылған отбасылар және жетім балаларға беріледі.
Жалпы, Түркістан облысы бойынша биыл 240 бюджеттік инвестициялық жобалар іске асырылуда. Ағымдағы жылы мемлекеттік және ішкі істер органдары мен білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларына тиесілі 77 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Қалған жобалар 2021 жылға өтпелі.Тұрғын үй құрылысы бойынша — 83 жоба іске асырылуда, оның 32-сі ағымдағы жылы аяқталады. Аймақта тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 595,7 мың шаршы метрді құрайды. 9 ай ішінде өңірде 406,4 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілген.
2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында мемлекеттік бюджет есебінен 158 нысанның құрылысына 36,6 млрд. теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша 70 нысан пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде 2430 отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп, 3604 жеке жер учаскелеріне инфрақұрылым жүйелері жүргізілетін болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіЕсірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...
Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...
Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...
Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...
Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.